Хирургиялық бөлімше

Хирургиялық бөлімше

Қазалы темір жол ауруханасының хирургиялық бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 2-ші қабатында орналасқан. Бөлімше 15 орынға есептелген. Бөлімшеде 5 орындық – 4 палата, 3 орындық - 1 палата, 2 орындық – 2 палата, 1 орындық - 3 палата, таза таңу бөлмесі, іріңді таңу бөлмесі, егу бөлмесі, асхана, клизма жасау бөлмелерінен тұрады. Операция жасау бөлімі, манипуляция бөлмесі, плазмаферез бөлмесі, стерилизация бөлімі бөлек қанатта орналасқан. Сол себепті қазіргі кездегі стандарттарға сай ота жасау мүмкіншілігі бар. Операция жасау бөлімі үлкен және кіші зал, операция алды бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі, мейіркештер бөлмесі, стерильді аспаптарды сақтау бөлмелерінен тұрады. Операциялық құралдардан: видеолапараскопиялық қондырғы, травматологиялық, жалпы хирургиялық, нейрохирургиялық жиынтықтармен толықжабдықталған.

 

Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі жоғарғы санатты дәрігер-хирург Ахмедов Садуақас Абибуллаұлы, жұмыс өтілі - 21жыл.

Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
 Травматолог-ортопед дәрігер жоғары санатты Амангелді Қуантқанұлы Қанатов, жұмыс өтілі - 21 жыл.
Хирургиялық бөлімше

Бөлімшеде 2012 жылдан бастап жоғары мамандандырылған травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсетілуде, осы аралықта жамбас буындарын ауыстыру, сынған сүйектерді интрамедуллярлық остеосинтездің қазіргі заманғы әдістерімен қалпына келтіру оталары жасалады. Лапароскопиялық оталардан холецистэктомия, аппендэктомия оталары жасалуда.

Травматолог-ортопед дәрігер жоғары санатты Қанатов Амангелді Қуантқанұлы, жұмыс өтілі - 21 жыл.

2015 жылы қосымша 15 орындық нейрохирургиялық бөлімше ашу туралы жоспар бар . 2 дәрігер нейрохирургиядан дайындықтан өтуде. Нейрохирургиялық жарық түсіргіштер, ота жасауға арналған микроскоп, видеолапараскопиялық орталыққа қосатын нейрохирургиялық жапсырма, электротрепан, доғалық рентгеноскоп аппараттары алынып, дайындық жасалуда.

2014 жылы хирургиялық бөлімшее күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Барлық есік, терезелер пластикке ауыстырылды, едендеріне паркет салынды.

Осы қабатта реанимация бөлімі 3орындық болып жұмыс істеп тұр. Реанимация бөлімі 5 төсек орынға есептелген. Реанимация бөліміорталықтандырылған оттегі орталығына қосылған. Барлық құрал-жабдықтар мониторлар, дефибриллятор, тыныс алдыру аппараттарымен және дәрі –дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімше
 
4-07-2014, 16:13

Қарқынды емдеу палатасы

Қарқынды емдеу палатасыҚарқынды емдеу палатасы 1995 жылы ашылды. Палата ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Палатада алты науқасқа дейін көмек көрсетіледі. Палатада бөлімше меңгерушісі 1 санаттағы реаниматолог-анестезиолог дәрігер Жасұлан Серікұлы Қуанышбаев қызмет көрсетеді. Палатаға түскен  хирургиялық, терапиялық, гинекологиялық, неврологиялық, травматологиялық бағыттағы және балалар бөлімшесінен түскен ауыр хәлдегі науқастарға жедел ем жүргізіледі.
Қарқынды емдеу палатасыБөлім көрсеткіші бойынша жылына 150-160 дейін  оталар түрлі жансыздандыру тәсілдерімен (тамыр ішілік, жалпы жансыздандыру, жұлын арқылы ) жасалады.
Алдағы уақытта нейрохирургиялық бөлімше ашу жоспарлануда.
Палата заманауи талапқа сай соңғы үлгідегі аппаратуралармен және бейне бақылаумен жабдықталған:                                                                                                                                                          1. «РО-6-06» наркоздық аппараты;                                                                                                                                                            2. Дефибриллятор;
3. «ЭЛЕМА-НАМ - 1» электрлік сорғысы;
4. «SEP-10» инфузия жүргізу аппараты;
5. ЭКГ аппараты;
6. УДЗ аппараты;
7. «Сабина драйгер» жасанды дем алдыру аппараты;
8. Тропанин, қышқыл сілті жағдайы жедел сараптама жүргізу аппараты;
9. «MINDRAY РМ – 7000 монитор» науқасты динамикада бақылау аппараты;
10. Барокамера. Ауа қысымын қолданып вакуумды камерада емдеу;
11. Плазмоферез. Қан тазалау аппараты.
 Ұжымда  дәрігерлерлер Гүлсім Орманқызы Сағымбаева, Жиенбаев Асылбек Талғатұлы, Жасанов Ерболат Ермекбайұлы, жауапты мейіркеш Андреади Елена Константиновна басқа да көптеген медқызметкерлер бірлесе отырып қызмет етеді.
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы
Қарқынды емдеу палатасы


4-07-2014, 16:12

Балалар бөлімшесі

Балалар бөлімшесі 10 төсек-орынға арналған.
Бөлімше жаңа типті аурухананың 1-ші қабатында орналасқан. Бөлімшеде 4 палата, егу бөлмесі, асхана, дәрігерге арналған бөлме, 2 әжетхана бар. Бөлімше әр тақырыптағы үнпарақтармен безендірілген. Ауруханада күн тәртібі туралы, аналарға арналған ереже жасалып, көрнекті жерге ілінген. «Денсаулық бұрышы» ұйымдастырылған, «Медициналық көмектің кепілді көлемі туралы» ақпарат, «Заң кодексі», «Дені сау баланы тамақтандыру», «Жүкті әйелдің тамақтануы», «Аналарға кеңес», «Баланы ана сүтімен тамақтандыру ережесі туралы» көрнекті құралдар ілінген.
 
 
 
 
Бөлімшеде 1-ші дәрежелі 1 дәрігер Шара Кәрібайқызы Байбазарова жұмыс істейді.
Ол 1997 жылдан бастап учаскелік бала дәрігері, 2008 жылдан бастап балалар бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады. Бөлімшеде 1-ші дәрежелі 2 мейірбике, 1 кіші буын медицина қызметкері жұмыс істейді.
Жедел түскен науқастар жедел қаралып, көмек көрсетіледі. Науқас балаларға мамандар кеңесі жасалып, қосымша емдер қосылады. Науқастарға ауруханада барлық соңғы үлгідегі сараптаулар, аспаптық тексерулер, «Невулайзер» аппаратымен ем жасалады. Аптасына 2 рет күтуші аналарға әңгіме-кеңес жүргізіледі.
Бөлімше қызметкерлері салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жемісті қызмет атқарады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4-07-2014, 16:12

Неврологиялық бөлімше

Неврологиялық бөлімшеТеміржол ауруханасының неврологиялық (жүйке) бөлімшесі типті аурухананың 1 қабатында орналасқан. Бөлімше 20 төсек-орынға арналған.  Бөлімшеде бас ауруы, бел ауруы, ми қан тамырларының зақымдалуымен ауырған науқастар емделеді. Бөлімшеде 2 дәрігер жұмыс істейді. Жауапты мейірбике, ауысымдағы мейірбикелер және кіші мейірбикелер жұмыс жасайды. Бөлімшеде дәрігерлер, егу бөлмесі, санитарлық бөлмелер, шаруашылық бөлмесі, асхана бар. Палаталары 5, 4 және 2 адамдық бөлмеде сервистік палаталар жұмыс жасайды.  Науқас жататын бөлмелер тұрмысқа қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген. Емдеу барысында стандарт бойынша жаңа технологиялық  дәрі-дәрмектер қолданылады.
Неврологиялық бөлімшеБарлық науқастарға өз диагнозына сәйкес физиопроцедуралар жасалады: ультражоғары жиілікті (УЖЖ-УВЧ), электрофорез, соққылы–толқындық терапия, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), массаж, кварц, «Биоптрон», «Экран», «Ультротон» жабдықтары арқылы ем, емдік ванналар. Бұл тексерулер мен емдеу нәтижесінде науқастарға дер кезінде және сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Бөлімшеде бір қатар істер орындалды:атап айтқанда бөлімшедегі науқастар жататын бөлмелердің барлық есік, терезелері заманға сай пластикпен ауыстырылды. Сонымен қатар бұл бөлмелердің едендері мен дәрігерлер бөлмесінің, дәліздің едендері  паркетпен  ауыстырылды. Бөлімше қызметкерлері өз білім деңгейлерін ұдайы жетілдіріп тұрады. Бөлімше іші жұмыс жасау нұсқауына байланысты қабырға қағаздарымен  жабдықталған. Бөлімшеге жыл сайын ағымдағы жөндеу (әктеу, сырлау) жұмыстары атқарылады. Науқастар төсек жабдықтармен, ыдыс-аяқтармен толық қамтамасыз етілген. Бөлімшеде көгалдандыру жұмысы да қолға алынған. Аурухана ауласынан әр бөлімшеге жер бөлінген. Тиесілі жерге талдар және гүлдер егілген. Бөлім қызметкерлері аурухананың дамуына барынша өз үлестерін қосуда.
Неврологиялық бөлімшеБарлық науқастарға 3 тәулік ішінде диагноз қойылады, ем алушыларға бөлімшеге түскеннен кейін 20-30 мин ішінде ем басталады. Әрі қарай емге түзетулер енгізіледі, қосымша мамандар кеңесі мен түзетілген ем-шаралары қосылады. Сырқаттарға диагноз қоюда УДЗ-УЗИ, рентгенография, ЭКГ, ИФТ-ИФА, УЗДГ, Холтер  мониторы, «Смад» тәсілдері, жаңғырық-ЭС, ЭЭГ, жаңа  аппарат компьютерлік томография кеңінен қолданылады. Ауруханаішілік жұқпа тіркелген жоқ.
Бөлімше меңгерушісі - Талғат Алданович Жиенқұлов, аға мейірбикесі - Іңкәр Лұқпанқызы Елубаева.
Неврологиялық бөлімше
Неврологиялық бөлімшеНеврологиялық бөлімшеНеврологиялық бөлімшеНеврологиялық бөлімшеНеврологиялық бөлімшеНеврологиялық бөлімше

4-07-2014, 16:11

Гинекологиялық бөлімше

Гинекологиялық бөлімшеҚазалы темір жол ауруханасының  гинекология бөлімшесі үш қабатты типтік аурухананың 2 қабатында  орналасқан. Бөлімше 15 төсек-орынға есептелген. Бөлімшеде 5 орындық - 2 палата; 2 орындық - 1палата. 2 орындық - 1палата, егу бөлмесі, таза таңу бөлмесі, іріңді таңу бөлмесі, клизма жасау бөлмелері бар. Операция жасау бөлмесi, манипуляция бөлмесі, стерилизация бөлмесi екеуі бөлек қанатта орналасқан. Сол себепті қазіргі кездегі стандарттарға сай ота жасау мүмкіншілігі бар.
Операция залы  екеу. Үлкен  және кіші болып бөлінеді. Операция алды бөлмесі, анестезия бөлмелері бөлек. Стерильді аспаптарды сақтау бөлмесі бар.  Операциялық құралдардан: видеолапараскопиялық операция, жатыр миомасына, кистомоэктомия, жатырдан тыс жүктілікке, ДЭК оталары  жасалуда. Гистероскопиялық әдіс те қолданылады. Бұл жерде әйелдердің әр түрлі гинекологиялық сырқаттары емделеді және екіқабат кезіндегі 21 - 21 аптаға дейінгі жүктілік мерзіміндегі асқынуларға маманданған ем жасалады.
Бөлімше меңгерушісі - дәрігер акушер-гинеколог Қазбек Кушерұлы Еспаев, жұмыс өтілі - 40 жыл. 
 
Гинекологиялық бөлімше
Гинекологиялық бөлімше
Гинекологиялық бөлімше
Гинекологиялық бөлімше


4-07-2014, 16:11