Неврологиялық кабинет

Неврологиялық кабинетНеврологиялық кабинет теміржол емханасының 2-ші қабатында орналасқан. Кабинет әр түрлі үнпарақтармен безендірілген. Кабинетте «Денсаулық бұрышы», «Инсульттің алдын алу туралы» ақпарат, «Бел омыртқаның иілуіне және қатайтуға арналған жаттығулар», «Инсульттан кейінгі емдік шара туралы », басқа да көрнекті құралдар ілінген.
Кабинетте дәрігер Шолпан Қарақұлқызы Өтеулі 2011ж аймақтық терапевт, 2013 ж бастап невропатолог қызметін атқарып келеді. Бақыткүл Алтынбекқызы Ізбасқан 1996 жылдан бастап жүйке аурулар  кабинетінде мейіркеш болып жұмыс жасайды.
Ауырып келген науқастарға кеңестер айтылып, ем беріледі. Күніне дәрігерлік бақылаудан 30 дай науқас өтеді, ауырып көрінгендерден 15, қайта келіп көрінгендерден 15. Невропатолог кеңесіне жүгініп келгендерден 15 дей науқас. Келген науқастарға кеңес беріліп, аурудың түріне қарай ем тағайындалады. Кабинетте салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жемісті қызметтер атқарылады.

3-09-2014, 22:04

Көз кабинеті

Көз кабинетіҚазалы теміржол емханасында көз кабинеті үздіксіз қызмет атқарып келеді . Көз бөлмесі науқастардың көзінде көз қан қысымы жоғары, басталып келе жатқан катаракта, көзден жарақат алған, көздері қашықтан және жақыннан нашар көретін науқастарды, сонымен қатар балаларды да есепке алу, бақылау және әр тоқсанға дәрігер қарауына шақыру, науқастарды қарап "Д" есепке алу,  емдеу жұмыстарын атқарады. Кіші операциялық манипуляциялар жасалады. Келген науқастарға жас шамасына қарай көз әйнекке рецепт жазып беру, «Diathera» аппаратымен көз қан қысымын өлшеу, офтальмоскоп аппаратымен көз түбін (КНД) қарау, Сивцев кестесімен қашықтан көз көру қабілетін тексеру жұмыстары жасалады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №145 бұйрығына сәйкес жас ерекшеліктеріне байланысты глаукома  ауруының алдын алу, медициналық тексеруден өткізу, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеруден өткізу скрининг жүргізіледі. Санитарлық ағарту жұмыстары атқарылады: лекциялар оқылады, әңгімелер жүргізіледі, санбюллетеньдер шығарылады. Көз бөлмесінде бірінші санаттағы көз дәрігері Берік Балдақұлы Жадырасын 2007 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Жұмыс өтілі 6 жыл. Көз бөлмесінің мейірбикесі Жаңыл Күзембай.
Көз кабинеті
Көз кабинеті
Көз кабинеті
Көз кабинеті
Көз кабинеті
14-08-2014, 22:07

ЛОР дәрігері

ЛОР дәрігеріҚазалы теміржол емханасында ЛОР бөлмесі жұмыс жасайды. Бұл бөлмеде науқастарды қабылдаумен қатар теміржол саласындағы қызметкерлері ай сайынғы кезекті профилактикалық байқаудан өткізіледі. Бұл бөлмеде сонымен қатар науқастарға кіші операциялар: Гаймор қуыстарын тесу, ЛОР органдарының абсцесстерін тіліп ашу, мұрын қуыстарының полипотомиясы, есіту жолын жуу. Сонымен қатар кабинетте аппарат аудиометрия: «Diagnostic Audiometer AD 229 b» жұмыс жасайды. Аппараттың қызметі есту қабілетінің нашарлауын анықтап дер кезінде диагноз қою. Аппаратпен Уалиева А.У. жұмыс жасайды.  ЛОР кабинеті күніне 15 – 20 науқасты қабылдап, емдік процедуралар жүргізеді. Бөлмеде дәрігер отоларинголог Тақтаболатұлы Қуаныш, мейірбике Уалиева Айгүл Мамайқызы жұмыс жасайды. Оның еңбек өтілі 26 жыл.

ЛОР дәрігеріЛОР дәрігері Қуаныш Тақтаболатұлы 1988 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған.
 2006 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 2006 жылы Алматы  қаласындағы Қазақстан – Ресей медицина университетіне «Емдеу ісі» факультетіне конкурс негізінде оқуға түсіп, оны 2012 жылы хирургия мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 2012 – 2013 жылдары Қазақстан – Ресей медицина университетіне хирургия мамандығы бойынша интернатураны бітіріп дәрігер хирург мамандығын алды. 2013 ж «хирург» мамандығы бойынша тестілеу орталығында дәрігерлік тестілеуден өтіп, сертификат негізінде Қазалы ауданындағы АМТГ АҚФ «Қазалы темір жол ауруханасы»  хирург дәрігер болып жұмысқа орналасты. 2013 ж ҚОФ ЖШС «Республикалық дипломнан кейінгі білім беру институтында» «Оториноларинголог» мамандығы бойынша біліктілігін көтерді. Қазіргі кезде АМТГ АҚФ «Қазалы темір жол ауруханасында» хирург, оторинолоринголог дәрігері болып қызмет етуде.
ЛОР дәрігері

26-06-2014, 21:24