Дәрі-дәрмектерді қалай тегін алуға болады?

Дәрі-дәрмектерді қалай тегін алуға болады? Астана. 20 тамыз. Baq.kz - Тиімділігі дәлелденген дәрілік препараттардың 400 атауы, аурудың 48 түрі бар! Дәрі-дәрмектердің дәл осындай көлемі диспансерлік есепте тұрған халыққа арналған тегін дәрілік заттардың Тізбесіне енгізілген.
Амбулаторлық деңгейде тегін рецепт алу үшін пациент алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына (АМСК) бекітіліп, диспансерлік есепте тұруы тиіс. Ал, ол туралы мәліметтер тұрғындардың бекітілген Тіркеліміне енгізілуі қажет.
Рецептіні учаскелік дәрігерлер және медициналық ұйымның бейінді мамандары жазып береді.
 
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде амбулаториялық деңгейде емдеуге арналған дәрілік заттарды тиімді пайдалану үшін мынадай қағидалар қолданылады:
1. Диагноз расталған және верификацияланған болуы тиіс.
2. Дәрілік заттар пациенттерге белгіленген диагнозға, дәрігерлік көрсетілімдерге, пациенттің қай диспансерлік топқа және халықтың қай санатына жататындығына сәйкес тағайындалады.
3. Терапияның қайталануын алдын алу және теріс пайдалануды болдырмау үшін, дәрілік заттар сауда атауы көрсетілген халықаралық патенттелмеген атауларымен жазылып беріледі.
4. Полипрагмазияның (бір уақытта, көбінесе негізсіз бірнеше дәрілік препаратты қабылдау) алдын алу үшін, бір пациентке жазылып берілетін дәрілік заттардың жалпы көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте, Тізбенің шеңберінде жазылып берілген бес препараттан аспауы тиіс.
5. Тағайындалатын дәрілік заттар бекітілген Тізбеге сәйкес рецепт бойынша, бір пациентке айына 1 реттен артық жазылып берілмейді. Ұзақ емдеу курсында пациентке дәрілік заттардың 1 айға жететін көлемі жазылып беріледі.
 
Медициналық виртуалды кеңістік күн сайын ұлғайып келеді: бағыты мен масштабтары әртүрлі клиникалардың сайттары, «сіздің ақшаңыздың барлығының жұмсалуына» кепілдік беретін делдалдық кеңсе порталдары, дәрігерлердің жеке қабылдауы, өз бетінше емделу жөніндегі кеңестердің салдары зардаптарға әкелуі мүмкін. Өз денсаулығыңызға Сіз ғана жауапты екеніңізді және кез келген бұрыс шешім Сіздің хал-жағдайыңызға теріс әсер етуі мүмкін екендігін ұмытпаңыз!
 
Қандай ақпарат көздеріне сенген жөн?
Еліміздің әр тұрғыны дәрілік заттар туралы дәйекті және шынайы ақпарат алуы үшін, Денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылдан бастап Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында еліміздің барлық аймақтарында Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы (ДАТО) қызметін ұйымдастырды.
ДАТО-ның басты миссиясы – халық денсаулығын жақсарту. Міндеті – халыққа және медицина қызметкерлеріне халықаралық емдеу стандарттарына және әлемдік үздік практикалардан тәжірибе алуға негізделген дәрілік заттарды ұтымды қолдану туралы шынайы ақпарат жеткізу болып табылады.
Тек 2014 жылдың 7 айында ғана, еліміздің 19 мыңнан аса тұрғыны орталықтан дәрілік заттарды дұрыс қолдану жөнінде кеңес алды. Айта кетерлігі, олардың төрттен біріне жуығы (21%) ТМККК шеңберінде дәрілік заттар алуға қатысты сұрақтар болды.
Сонымен қатар, республикалық және аймақтық БАҚ-та 508-ден астам жарияланым жарыққа шықса, денсаулықты сақтауға және жақсартуға бағытталған өзекті тақырыптар бойынша халықпен 1500-дей кездесу өткізілді.
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының қызметі халықтың дәрілік сауаттылығын арттырудың негізгі тетігі және денсаулық сақтаудың барлық жүйесін дамытудың маңызды бөлшегі болып табылады. Орталық мамандарынан Сіз әрқашан дәрілік заттар, тегін дәрілік қамтамасыз ету, препараттардың тиімділігі, дәрілік заттар саласындағы реформалар туралы шынайы және дәйекті ақпарат ала аласыз.
Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі жыл сайын жетілдірілуде. Бұл ел Үкіметінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, медицина қызметкерлерінің және ҚР азаматтарының жетістігі болып саналады.
Біз халық және медицина қызметкерлерінің орталық қызметіне деген сенімінің арта түсетініне, дәрі-дәрмек және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтардың құқығы туралы қажетті шынайы ақпарат алуда таптырмайтын көмекші болатындығына сенеміз.
 
Құрметті қазақстандықтар, өз өмірлеріңізді, денсаулықтарыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын бағалаңыздар! Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша тегін дәрілерге өз құқықтарыңызды біле жүріңіздер!
Қоңырау шалып, өз сауалдарыңызды www.druginfo.kz сайтына жолдаңыздар. Біз сіздердің қоңырауларыңыз бен сұрақтарыңызды күтеміз!
 
 
***
Анықтама үшін
 
Халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың Тізбесі туралы және дәрілерді дұрыс қолдану, олардың өзара әсері және дәрілік заттардың мүмкін болатын жанама әсерлері туралы ақпаратты Сіз әрдайым Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығының www.druginfo.kz сайтынан немесе Қазақстан бойынша Call-қызметінің 8-800-080-88-87 бірыңғай тегін телефон желісі арқылы алуыңызға болады.
***
Қандай жаңа өзгерістер бар?
2013 жылы бұл Тізбе қайта қаралып, оған тиімділігі дәлелденген препараттар енгізілді, сондай-ақ, тегін дәріні алуға арналған халық санаты кеңейтілді. Осылайша, енді қант диабеті, пневмония, бронх демікпесімен ауыратын науқастар препараттарды тегін ала алады.
Қазақстан – «Қант диабетінің I түрі» диагнозы қойылған 1-ден 18 жасқа дейінгі балаларды шығын материалдарымен бірге, қымбат бағалы инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз ететін, ТМД елдері арасындағы алғашқы елдердің бірі болып табылады. Бүгінде, помпалар шприц-қаламдарға ауыстырылып, дәріні енгізу көлемі 30 есеге қысқарды.
Инсулинді енгізудің инсулин помпасы сияқты жаңашыл әдісі мөлшерді дәл анықтайтын қондырылған резервуары бар миникомпьютер болып табылады. Бала үнемі аппаратта, тамақтанып жатқанына, далада серуендеп жүргеніне, футбол ойнап жүргеніне қарамастан, глюкоза өлшеніп, инсулин өздігінен келіп тұрады. Яғни, мұндай жағдайда, балаға инъекция алу үшін, үйге жүгірудің қажеті болмайды.
 
Біздің қызметіміз
СІЗДЕРГЕ арналады!
 
«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы»
ШЖҚ РМК
Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы

22-08-2014, 13:21

Скрининг

Скрининг Егер Сіздің жасыңыз скринингті тексерілуге тиісті болса, Сізге міндетті түрде тұрғылықты жеріңіздегі емхананыздан медициналық тексеруден  өту қажет және  денсаулығыңыз туралы беретін кеңестері мен ақпаратты алу абзал.

Сіздің   денсаулығыңыз – өз қолыңызда!

Скрининг (screening – сараптау, іріктеу) – бұл ерте сатыда ауруларды және қауіпті факторларды анықтау үшін белгілі бір жастағы дені сау адамдардың алдын ала медициналық қаралудан өтуі.

Алдын ала медициналық қаралу – уақытылы емделу мен алдын алу, ауруларды ерте анықтау және ескерту мақсатында адамның денсаулық жағдайын бақылап отыру үшін жүйелі түрде дәрігерге қаралу әдісі.

Халықтың белгілі тобын скринингті қаралудан өткізудің мақсаты ауруды және оның пайда болуына септігін тигізетін қауіпті факторларды ерте сатыда анықтау болып табылады.

Сіздің жасыңыз скринингті тексерілуге тиісті болса, Сізді міндетті түрде тұрғылықты жеріңіздегі емхананыздан медициналық тексеруден  өтуге шақырамыз!   
 
Скрининг                                                                                     

Нұргул Тыныштықбайқызы МУСА
АҚФ"Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары"-
Қазалы темір жол емханасы,
скринингке жауапты дәрігер,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

16-08-2014, 14:04