» » Қызылорда облысында құтырма белгілері бар адам анықталды

Қызылорда облысында құтырма белгілері бар адам анықталды

 Қызылорда облысында құтырма белгілері бар адам анықталдыҚызылорда облысы Қазалы ауданында құтырма белгілері бар адам анықталды. Кәукей елді мекенінің тұрғыны қасқырға жем болған сиырын сойып, оның сүйегіне қолын жарақаттап алған. Сөйтіп ауруханадан бірақ шыққан. Ал бұған дейін малшы бұл етті ауылдың 14 тұрғынына сатқан. Олар да қазір құтырма жұқтыруы мүмкін деген есепке алынған.

Арзықали Әлиұлы жыртқыш аңға таланған сиырын  бауыздап жатқан уақытында сүйек жаңқасы қолына кіріп кетіп, зақымдап алады. Жарақат алған қолының қолтық безі шошып, ыстығы көтерілген соң дәрігерлерге көрінеді. Ал ақ халаттылар одан құтырма белгілерін анықтап, арнайы екпе егеді. Бүгінде науқастың жағдайы бір қалыпты.

АРЗЫҚАЛИ ӘЛИҰЛЫ, науқас:
Аудандық аурухананың дәрігерлері толық тексеріп, барлық емін жасап, антибиотигін екті. Барлық жағдайын жасады. Рахмет дәрігерлерге. Қазір жақсымын.

Құтырмаға күдікті науқастың өз малының етін 14 адамға сатқаны да белгілі болып отыр. Олар да бүгінде дәрігерлердің жіті қадағалауында. Өйткені ауру ас қорыту жолдары арқылы да жұғуы мүмкін деген  қауіп бар.

БАҒДАГҮЛ ЖАНҰЗАҚ, тұрғын:
Етті біз алдық. Қақтап тұздаған өзім. Тағамдар жасап жедік. Халықтың, елдің адал малы ғой. Сондықтан алдық, пайдаландық. Тексеруден өттік, бәрі жақсы.

Әзірге бір малдың етін жеген ауыл адамдарынан айтарлықтай белгілер байқалмады. Бірақ құтырма дертінің ұзақ уақыттан кейін де қылаң беруі әбден мүмкін дейді мамандар.

ОРАҚ КЕУБАСОВ, дәрігер-инфекционист:
Ол ауруларға профилактика жүргізіп жатырмыз. Бірақ медицинада 100 процент ешқандай кепілдік берілмейді. Себебі құтыру ауруының инкубациялық уақыты бір жылға дейін созылады. Бір жылдың ішінде ол аурудың денсаулығына байланысты, иммунитетіне байланысты, сосын жарақатының қай жерде орналасуына байланысты әр уақытта ауру шығуы мүмкін.  

Бұл жолы Арзықали Әлиұлын да, ауылдастары  аман қалды. Бірақ қауіп  жоқ емес. Өйткені күз айларында қасқыр атаулы бөлтірігін ертіп, малға жиі шабатыны белгілі. Ал жыртқышқа жем болған ірі-қарасын ысырап болмасын деп сататын малшыларға ешкім тосқауыл бола алмайды.
 
-    See more at: http://www.31.kz/video/show/id/4063/model/Video/show/vi#sthash.A56s76ht.dpuf


19-09-2014, 19:08
864 просмотров