“Жеті күн» Көліктік медицина

"Жеті күн» Көліктік медицина Хабар телеарнасы, 06.2012 ж.



19-08-2014, 19:18

Жұмысшыларға психологиялық тұрғыда жағдай жасалуда

Жұмысшыларға психологиялық тұрғыда жағдай жасалуда Жапониялық компания басшылығы өз жұмысшыларына психологиялық тұрғыда жағдай жасау үшін барын салуда. Заманауи құрылғылардың көмегімен жағажайға соққан толқындар жасап, соған тән дыбыстармен көркемдеген. Жұмыс кезінде тропикалық жұмақта отырғандай әсер алған қызметкерлер де компания басшылығына дән риза.

Куруми Ниши, BizReach компаниясындағы жұмысшы:
- Әрине, мұнда суға сүңгіп, шомыла алмайсыз. Бірақ, толқын дыбысының өзі-ақ тыныштандырады. Сондықтан да демалыс алып, бір жаққа барып қайту туралы ой басыма кіріп те шықпайды!

«Бизрич» компаниясының Токиодағы штаб-пәтерінде жасалған жағдай қарапайым кілем, дыбыс шығарғыш құрылғы – колонкалар мен үш өлшемді проекторлардың көмегімен іске асып отыр. Ұйым басшылығы жағажайға байланысты ойын жүзеге асыруды одан әрі жандандырмақ ниеті бар көрінеді. Себебі, ғимараттың бір бөлігіне 2 тоннаға жуық құм төселіп тасталған.

http://www.khabar.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/3003-zh-mysshylar-a-psikhologiyaly-t-r-yda-zha-daj-zhasaluda



6-08-2014, 10:46

“Керек дерек» Медициналық пойыздар

"Керек дерек» Медициналық пойыздар – "Хабар” телеарнасы, 06.2012 ж.

5-08-2014, 19:15

Үшем сәбилер дүниеге келген отбасы үйсіз жүр

Үшем сәбилер дүниеге келген отбасы үйсіз жүр 03 04 2014 07:28

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жуырда үшем дүниеге келген. Қуаныш иелеріне облыс әкімі темір тұлпар сыйға тартты. Бұдан бөлек аудан әкімдігі кәсіпкерлердің басын қосып, демеу көрсеткен екен. Бірақ бір сәтте торсықтай үш ұлды болған отбасы үйсіз жүр. Олардың әзірге бас сауғалайтын жері болмағандықтан аудандағы темір жол ауруханасының басшылығы қарауына алған. Бір ай бұрын ғана жұмысқа орналасқан нәрестелердің әкесі алатын еңбекақы пәтер жалдауға да жетпейді. Перзентханадан шыққалы әр жерде көшіп-қонып жүргенде Диас, Мирас және Манас есімді бөбектер салқын тиіп, ауырып қалғандығын айтты анасы Кенжегүл Ембергенова.

Кенжегүл Ембергенова, үшемнің анасы: - Тұрып жатқан пәтеріміз салқындау болды. Жағдай жоқ. Сондан да болған шығар, балалар шамалы ауырып қалды. Күйеуім осы 1 айдай бұрын жұмысқа орналасты. Өзінің мамандығы бойынша ветеринария саласында. Бірақ оның айлығы балаларды қамтамасыз етуге жетінкіремейді. Мен - жұмыссызбын.

Құбыл Ршымбетов, Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері: - Соңғы кезде кішкене қиындықтар туындап, оларды ауруханада ұстап отырмыз. Жағдайлары жаман емес. Әлде де күнделікті сол бақылауда болады.

Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/1181-usha
 
4-07-2014, 23:44

Озық 30 елдің қатарына ену үшін ауыл медицинасының әлеуеті жоғары болуы керек

Озық 30 елдің қатарына ену үшін ауыл медицинасының әлеуеті жоғары болуы керек1 сәуір 2014, 19:43

Енді Арал маңы тұрғындары компьютерлік томография арқылы ішкі ағзадағы дертті анықтау үшін облыс орталығына сабылмайды. Сәулелі диагностиканың жетілген түрі Қазалы теміржол ауруханасында орнатылды. Көп уақыт жоғалтпай диагнозды тез қоятын құрылғының көмегіне алғаш болып жүгінгендердің бірі – Аман Дінахметов.
 
Аман Дінахметов, Қазалы ауданының тұрғыны:
- Бұл аппаратты бұрын біз облыс орталығы, Астана немесе бөтен жерлерге барып іздеуші едік, қазір бұл өзімізде келгеніне өте қуаныштымыз. Менің омыртқамды, бөтенемді, талақ жолын тексеріп берді. Осы уақытта сол емді алып жүрмін.
 
Алтынкүл Дәрібай, бас дәрігердің орынбасары:
- Осы арқылы диагнозды уақытылы қойып, медициналық орталықтан нейрохирург шақырып, 3 операция осы жерде келіп жасап, сол инсульттарға операция жасаған жетістіктеріміз бар.
 
Аудан бойынша 20 мыңнан астам тұрғын осы емдеу орнының есебінде тұр. Олардың ішінде жүрек қан-тамырларының кінараты бар жандар сырқатының себебін анықтау үшін Қызылорда қаласындағы клиникаларға ағылатын.
 
Нұрлан Кәрібаев, ультрадыбысты зерттеу дәрігері:
- Енді біз Қызылорда қаласынан 340 шақырым жерде тұрамыз. Кейбір жүрек-қан тамырлары ауратындарға өте қиын. Соның ішінде айтатын болсақ, мысалы, біз экологиялық апат аймағы Арал, Қазалы, Төретам, оның ортасында орналасқан бекеттер бар. Соның арасындағы халықтар қазір келіп жатыр. Уақытында көрініп жатыр. Қолымыздан келгенше сапалы қызмет көрсетуге тырысамыз.
«Қоғамның құнды байлығы – адам саулығы» деген қағидаға берік дәрігерлер біліктілік арттыруға ерекше мән береді. Еліміз бойынша санаулы жерде ғана қолға алынған жамбас ұршығына гемипротез орнату сынды күрделі операциялардың ауданда жасалуынан-ақ мамандардың бүгінгі деңгейін аңғаруға болады.
 
Елеу Жолдасбай, хирург-дәрігер:
- Ауданымызда жасалатын операциялардың 60 пайызы ургентті болып жатса, 35-40 пайызы плановый. Асқазан, шек, эндокренологиялық операциялар жасаймыз. Травматологиялық операциялардың барлық түрін жасап жатырмыз.
Бүйрегі істен шығып, алмастыруды көздеп отқан науқастарға гемодиализ аппаратының маңыздылығы баршаға мәлім. Арал, Қазалы, Байқоңырдың 14 тұрғыны тұрақты түрде осы құрылғыдан ем қабылдап жүр. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында серпілген емдеу орны мемлекет пен жеке-меншік әріптестікті дамыта отырып осындай озық технологияға қол жеткізуде. Ең бастысы, заманауи үлгідегі құрылғылар шалғайдағы халықтың сапалы ем-дом қабылдауына қалтқысыз қызмет етуде.
 
Тілші: Нұрлан Жақыпбеков
 
Оператор: Руслан Айтманбетов

    "Хабар" телеарнасы



1-04-2014, 23:19

«Жол үстіндегі емхана» Сыр өңірін аралап жүр

Телеканал 24KZ

Ауыл-аймақ тұрғындарын тегін диагностикалық тексеруден өткізетін «Денсаулық» пойызы Сыр өңіріне келді. Рельстегі емхана өз жұмысын Қармақшы ауданынан бастады. Теміржол бойындағы барлық елдімекен тұрғындарына қызмет көрсетуді мақсат тұтқан білікті мамандар тобы Жалағаш кентіне аялдады. Ал Жаңақорған, Шиелі аудандарының ауылдарын жылжымалы кешен аралап жүр.
 

16-06-2013, 18:44