Денсаулық саласындағы жетістіктер

Денсаулық саласындағы жетістіктер

14:40, 23 тамыз 2017

Соңғы бір жарым жылда аймағымызда ана өлімі тіркелгенжоқ. Сондай-ақ, алты айдың қорытындысымен сәби өлімі 53 пайызға төмендеген. Ақ халаттылар көрсеткіштіңжақсаруы жүйелі жұмыстыңнәтижесі дейді.

http://qyzylorda.kaztrk.kz/kz/news/society/densaulyk-salasyndagy-zhetistikter


23-08-2017, 22:25

«SOS медициналық жүйесі» іске қосылды

«SOS медициналық жүйесі» іске қосылды

Қазақстан Қызылорда

 

Облыстық ана мен бала орталығында «SOS медициналық жүйесі» іске қосылды. Бұл жаңа бастаманың артықшылығы науқас адам кез-келген уақытта өзіне қажетті дәрігерді жедел түрде шақырта алады.


16-08-2017, 18:27

Қызылорда облысында медицина мекемелерін компьютермен қамтуға 100 млн теңге бөлінді

Қызылорда облысында медицина мекемелерін компьютермен қамтуға 100 млн теңге бөлінді

09.08.2017

 

Оған аймақтың емдеу нысандарына 414 электронды құрылғы сатып алу жоспарланып отыр. Одан бөлек жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары өз қаржысы есебінен 140 компьютер алып, іске қосып үлгерген. Дара Тұрымбетова облыс орталығының 62 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін 6-шы емхана дәрігері. Ол аумақ бойынша көрсетілетін барлық медициналық қызметтерді үйлестірумен және сапалы орындалуын бақылаумен айналысады. Дананың айтуынша бұған дейін азаматтар дәрігер қабылдауына талон арқылы жазылып, оның аяғы ұзақ-сонар кезекке ұласатын. Ал қазір электронды тіркелген тұрғындар бекітілген уақытында келіп, еш кедергісіз мамандар қарауында болады.

 

Дара Тұрымбетова, жалпы тәжірибелік дәрігер:

– Қабылдауға әр адамға 15 минут берілген, яғни 5 сағат қабылдауда 15 ересек адамды, 5 адам балалар қабылдаймыз. Ал үйге дәрігер шақыратын болса, онда сол электронды кілт арқылы жазба қалдырады, үйге шақыртулар жасалады. Ол бағдарлама арқылы біздің емхананың тіркеу бөліміне түсіп отырады. Емханаға жыл басынан бері 67 компьютер алынып берілсе, жыл соңына дейін тағы 80-данасы әкелінеді. Ағымдағы жылдың алты айында 52 мыңдай қызмет көрсетілсе, соның жартысына жуығы электронды түрде орындалған. Техникалық жарақтанған емхана енді кешенді ақпараттандыру жүйесіне көшіп жатыр.

 

Ләззат Елубаева, №6 емхана бас дәрігерінің орынбасары:

– Біз бұрын барлық ауру тарихын қолмен жазатын болсақ, қазіргі таңда ақпараттың бәрін компьютерге жазып және ол жазуды менен басқа адамдар көріп отырады. Мысалы науқас ауруханадан шығып келген болса, маған қабылдауға келсе, ол қай ауруханада, қандай диагнозбен жатқанын сол бағдарлама бойынша қарап біле аламын. Сондай-ақ өңірде денсаулық сақтау ұйымдарын интернетпен қамту мәселесі де оң шешімін тауып келеді. Алдымен шалғай ауылдардағы медициналық мекемелер жоғары жылдамдықтағы ғаламтор жүйесіне қосылып жатыр.

 

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lt-zhospary/item/190747-yzylorda-oblysynda-meditsina-mekemelerin-kompyutermen-amtu-a-100-mln-te-ge-b-lindi

 


9-08-2017, 22:05

Сұхбат. Ерік Байжүнісов


14.07.2017

Студия қонағы - Ерік Байжүнісов - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ басқарушы директоры.

Источник:http://24.kz/kz/telepoject/s-khbat/item/187309-s-khbat-erik-bajzh-nisov


18-07-2017, 09:17

Ақ халатты абзал жандарға құрмет

Ақ халатты абзал жандарға құрмет

Бүгінде Сыр медицинасындасоны серпіліс бар. Дәрігерлікемдеу мекемелері заманауи құрал-жабдықтарменжабдықталып, қызмет көрсету сапасы жақсарды. Нәтижесінде, аймақ тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті. Ана өлімі 86 пайызға азайса, сәби өлімі екі жарым есеге төмендеді. Әрине, бұл жетістіктердің артында Гиппократ антынан айнымаған ақ халатты абзал жандар тұр. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай еңбегімен ел алғысына бөленген сала үздіктерімарапатталып, құрмет төрінен орын алды.

«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы. 19 маусым 2017 жыл.

Дереккөз: http://kyzylordatv.kz/kz/news/society/ak-halatty-abzal-zhandarga-kurmet


19-06-2017, 19:41

«Саламатты Қазақстан» пойызы шығыстағы шалғай аудандарға барды

«Саламатты Қазақстан» пойызы шығыстағы шалғай аудандарға барды

 

07.06.2017

 

«Саламатты Қазақстан» пойызы Шығыс Қазақстанның шалғайдағы елді мекендеріне барды. Облыс орталығынан ұзақта жатқан ауыл тұрғындары үшін білікті дәрігерлер мен заманауи құрылғылар қол жетімсіз екені белгілі. Пойыз шілденің басына дейін аймақтағы 18 бекетте болып, жергілікті халықты қабылдайтын болады. Жылдағы дәстүр бойынша «Саламатты Қазақстан» пойызы Зырян ауданына ат басын тіреді. Жергілікті халық ақ халатты жолаушылар пойызын ерекше көңіл-күймен қарсы алып, ән мен биден шашу шашты.

 

Ольга Ермолаева, Зырян ауданының тұрғыны:

– Ауданымыз үшін керемет сәт болып жатыр. Кәсіби дәрігерлер келіп, қуанышқа бөлендік. Ауырып қалсақ, Өскеменге жету бізге қиындық тудырады. Ал бұл жерде мен бір сағаттың ішінде сараптама үшін қан тапсырып, нәтижесін де біліп отырмын. Үлкен рақмет! Денсаулық пойызында 20 білікті маман бар. Шалғайдағы ауыл тұрғыны Толғанай Кезеңбаева үшін бұл үлкен мүмкіндік. Себебі ол бірнеше жылдан бері бел ауруынан жапа шегіп келеді. Дерті, әсіресе түн мезгілінде дендейді екен. Аудан орталығына баруға жол ұзақтығы кедергі әрі ол жердегі мамандар ауруына мардымды ем-дом жасай алмаған секілді. Енді ол дертіне шипаны денсаулық пойызымен келген білікті дәрігерлерден іздейді.

 

Толғанай Кезеңбаева, Зырян ауданының тұрғыны:

– Білікті дәрігерлер келіп жатқанына өте қуаныштымыз. Әр саладағы мамандар бар. Сол саладағы мамандарға жергілікті тұрғындар қаралуда. Мен өзім невропотолог-дәрігерге кіріп шықтым. Диагнозын қойып, алатын дәрі-дәрмектері жазып берді. Ары қарай да дәрігерлерге қараламыз. «Саламатты Қазақстан» пойызы Зырян ауданындағы үш бекетке тоқтайды. Зубцовск ауылының өзінде науқастарға 2000-нан аса медициналық қызмет көрсетіледі.

 

Нариман Сейітхамзанов, статистик дәрігер:

– Бұл пойыздың мақсаты – алдын ала ауруларды анықтау. Бұл жерде міндетті түрде флюорографиялық тексеру жасаймыз және керек болса, рентген суретін жасаймыз. Электрокардиография, содан кейін терапевт қарауы, невропотолог қарауы сияқты шаралар бар. Салауатты ұлт – ел ертеңі. Ал денсаулық пойызы аймақ бойынша 18 елді мекенге тоқтайтын болады.

 

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/180948-salamatty-aza-stan-pojyzy-shy-ysta-y-shal-aj-audandar-a-bardy?utm_source=facebook-news-makbal

 


7-06-2017, 21:36

Қызылордада иппотерапия орталығы өз жұмысын бастады

Қызылордада иппотерапия орталығы өз жұмысын бастады

06.06.2017

Инклюзивтік бағыттағы балабақша мамандары сал ауруына шалдыққан балғындарды жылқымен серуендеу арқылы емдейді. Тірек-қимыл аппаратының бұзуылын, бас сүйек жарақатын, асқазан-ішек ауруларын және ақыл-ой жетіспеушілігін емдеуге жылқы – нағыз табиғи тренажер. Ат үстінде баяу серуендеу, адамның барлық бұлшық еттерінің жұмыс істеуіне әрі минутына 100 шайқау импульсін алуына мүмкіндік береді екен. Балғындар үшін күніне 4 сағаттан 8 жаттығу жасалады. Қазіргі таңда бұл орталықта 20 бала ем алып жүр.

Жапырақ Ұзақбаева, дефектолог:

- Тірек-қимыл қозғалысы аппараты бұзылған психикалық ауытқулары бар балаларды, аутизм, даун сияқты ақаулары бар балаларды толық қамтамасыз етіп, емдік шара жүргізіп жатырмыз. ШҚО арнайы мамандандырылған мамандардан оқу-тәжірибе алып, қазіргі таңда 2 жаттықтырушы, 1 медбике, 2 ат жетекші қызмет жасайды.

Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/180839-yzylordada-ippoterapiya-ortaly-y-z-zh-mysyn-bastady


6-06-2017, 23:01

ЕМДЕУ ОРНЫ НЕЙРОИНСУЛЬТТІК БӨЛІМІН АШТЫ


Когам ТВ

 

Наш сайт:
http://kogamtv.kz/

 

 


 

21-04-2017, 18:12

Министр дәрігерлермен жүздесті

Министр дәрігерлермен жүздесті2019 жылдан бастап аймақтағы денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қағазбастылықтан біржола құтылады. Енді әрбір науқастың ауру тарихы электрондық жүйеде сақталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов облыстық медицина орталығында дәрігерлермен жүздесуінде айтты.

 

«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы. 5 сәуір 2017

Дереккөз: http://kyzylordatv.kz/kz/news/medicine/ministr-derigerlermen-zhuzdesti


6-04-2017, 17:25