Денсаулық сақтау министрі МӘМС жүйесін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі МӘМС жүйесін түсіндірдіБүгінСырөңірінееліміздіңДенсаулықсақтауминистріЕлжанБіртановжұмыссапарыменкелді. Министралдыменоблысактивіменкездесіп, міндеттіәлеуметтіксақтандыружүйесітуралыкеңінентүсіндірді. Сондай-ақ, алқалыжиындамемлекетпенжеке-меншікәріптестікаясындамеморандумғақолқойылды.

«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы. 5 сәуір 2017


5-04-2017, 17:22

Конго-Қырым қанды қызбасының табиғи ошақтары көбейген

Конго-Қырым қанды қызбасының табиғи ошақтары көбейгенОблыс көлемінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошақтары көбейген. Былтыр мамандарды оңтүстік аудандардағы қолайсыз елді мекендер алаңдатса, биыл Арал, Қазалы, Қармақшы өңірлерінде қауіптің бұлты қалың. Кенеден келетін кеселдің алдын алу үшін не істеліп жатыр?

 

«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы 27 наурыз 2017

Дереккөз: http://kyzylordatv.kz/kz/news/society/kongo-kyrym-kandy-kyzbasynyn-tabigi-oshaktary-kobeigen


28-03-2017, 12:45

Ақ халатты абзал жандар

Ақ халатты абзал жандарМемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбіріміздіңаман-саулығымызды бақылайтынол әрине, ақ халатты абзал жандар. Бір қызығы, адам жанының арашасы болатын ең күрделі саланың басым бөлігін ару аналар құрайды. Бұл да бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді әлдилеген әйелдер қауымының нәзік бола тұра, мықты екендіктерін көрсетсе керек.

«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы. 9 наурыз 2017

 

Дереккөз: http://kyzylordatv.kz/kz/news/medicine/ak-halatty-abzal-zhandar


10-03-2017, 15:14

Еліміздің әр азаматында денсаулық тарихы жазылған электрондық құжаты болады

Еліміздің әр азаматында денсаулық тарихы жазылған электрондық құжаты боладыЕліміздің әр азаматында денсаулық тарихы жазылған электрондық құжаты болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ведмство басшысы Елжан Біртанов мәлімдеді. Бұл дәрігерлерді қағазбастылықтан құтқарады. Әрі кез-келген адам емхананы өзі таңдап, медициналық қызметке еш қиындықсыз қол жеткізе алады. Жолдама да, науқасқа берілетін дәрі-дәрмек тізімі де электронды нұсқаға көшіріледі. Жоба биылдан бастап тәжірибеге енгізілмек. Ал, 2019 жылға дейін кезең-кезеңімен толық жүзеге асырылады. Бас дәрігердің айтуынша, министрлік саланы дамыту мақсатында бес бастаманы қолға алған. Яғни, жалпы денсаулық сақтау саласы электрондық жүйеге бағытталады. Ол үшін қазірдің өзінде арнайы стандарттар әзірленген. Осы орайда, электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігі құрылатын болады.

 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Денсаулық сақтау жүйесін науқастардың мүддесіне қарай оңтайландыру қажет. Алғашқы медициналық көмектен бастап, барлық кезеңдерді қамтитын біріктірілген жүйені енгізуді көздеп отырмыз. Медицинаны дамытуда ұлттық бағдарлама қабылдау жоспарда бар. Сонымен қатар, саланы сандық жүйеге көшіру және ақпараттандыру жөніндегі шаралар өз жалғасын таппақ. Емханаларға тіркелу оңтайландырылады. ІТ мониторинг негізінде ауруларды басқару бағдарламасы да жүргізіледі.

Дереккөз:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/166110-elimizdi-r-azamatynda-densauly-tarikhy-zhazyl-an-elektrondy-zhaty-bolady


3-03-2017, 17:02

Магнит арқылы емдеу туралы не білесіз?

Магнит арқылы емдеу туралы не білесіз?Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

Магниттік терапия – қабынуға қарсы, гипотензивтік әсері бар процедура. Қабылдау уақыты - 10-12 минут. Дәрігердің тағайындауы бойынша жасалады.

Ал, буын зақымданғанда лимфодренаждың пайдасы көп. Лимфодренаж қан айналымын жақсартатын, тамырлардың тонусын арттыратын, артық салмақты түсіруге жақсы, қартаюға қарсы емдердің бірі болып табылады.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы. «Таңшолпан» бағдарламасы Бс, 02/23/2017

 

Дереккөз: https://kaztrk.kz/kz/a/19237


23-02-2017, 16:49

Гидротерапияның пайдасы туралы не білесіз?

Гидротерапияның пайдасы туралы не білесіз?Су толтырылған балқарағай бөшкесі мен гидротерапияның адам ағзасына тигізер пайдасы қандай? Гидротерапиядан кейін тағы қандай процедураларды қабылдаған жөн?

«Балқарағай бөшкесінің адам ағзасына пайдасы мол. Ол иммунитеттікөтереді, буын ауруларына, ұйқыны тыныштандыруға, жүйке ауруларына шипа. Сонымен қатар, суық тию ауруларының алдын алуға жақсы. Балқарағай бөшкесінде адам терлейді. Ал, терлеу арқылы денеден токсиндер, шлактар шығады.

Мамандардың айтуынша,күйзелістенарылу үшін де гидротерапияның пайдасы зор.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы. «Таңшолпан» бағдарламасы Сс, 02/21/2017

Сілтеме: https://kaztrk.kz/kz/a/19174


21-02-2017, 20:33

Билік айнасы. Міндетті медициналық төлемдер

Міндетті медициналық төлемді аудару қалай жүргізіледі? Олардың есеп беру реті қандай? Сұраққа сала маманы жауап қайтарды.


Источник:http://24.kz/kz/telepoject/bilik-ajnasy/item/161585-bilik-ajnasy


3-02-2017, 13:36

Елбасы дәрі-дәрмек бағасын реттеуді тапсырды

Елбасы дәрі-дәрмек бағасын реттеуді тапсырдыфото: Егемен Қазақстан

Елбасы өз жолдауында білім берумен қатар денсаулық сақтау саласын дамытуға да ерекше тоқталып өтті. Биыл бірінші шілдеде ел азаматтарының ортақ жауапкершілігіне негізделген медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. Оған қатысушыларға кең ауқымды көмек көрсетіліп, әлеуметтік әлсіз топ өкіліне де мемлекеттік қолдау қарастырылған. Сондықтан Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар денсаулық сақтау саласын жан-жақты ақпараттандыруы керек. Жалпы жаңа жүйе арқылы жекеменшіктегі медициналық мекемелерге тең жағдай туғызылады. Сондай-ақ Президент дәрі-дәрмектердің бағасын реттеуді тапсырып, әлеуметтік қамтамасыз ету саласын дамыту маңызды міндет болып қала беретінін ескертті. Биыл жазда елдегі 2,1 миллион адамға төленетін зейнетақы 20%-ға көбеймек. Оған қоса жыл сайын туылатын 400 мыңға жуық сәбиге берілетін бір реттік жәрдемақы да 20%-ға өседі деген жоспар бар. Бұл ретте ең төменгі күнкөріс шегін қайта қарастыру міндет. «Оның мөлшері нақты тұтынушылық шығыстарға сәйкес келуі керек», - деді Елбасы.

Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/zholdau/item/161182-elbasy-d-ri-d-rmek-ba-asyn-retteudi-tapsyrdy


31-01-2017, 15:17

Міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын жасақтау үшін 8,5 млрд теңге қажет

Міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын жасақтау үшін 8,5 млрд теңге қажетМіндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын жасақтау үшін 8,5 млрд теңге қажет. Бұл туралы Сенат қабырғасында өткен отырыста Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрайымы Елена Бахмутова мәлімдеді. Оның сөзінше, қор қыруар қаржыны активтерден алынатын комиссиялық төлемдер арқасында өндірмек. Акционерлік қоғамның шоты тек ұлттық банкте болады. Қаржы тек медициналық қызметтерге жұмсалады, - дейді Бахмутова. Акционерлік қоғамның басты міндеті - міндетті медициналық сақтандыру аясында қаржы жинау болмақ. Қордың қаржыны бақылап, қажет болған жағдайда медициналық орталыққа барып, тексеріс жүргізуге құқы болады.

Елена Бахмутова, коммерциялық емес «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ төрайымы: Осы орайда жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне о баста жоспарлағандай жалақының 2 пайызын емес, 1 пайызын ғана төлейтін болады. Ал 2022-ші жылға дейін ол 5 пайыз емес, 3 пайызды құрайды деп жоспарлап отырмыз. Осының арқасында осы жылдан бастап 2022-ші жылға дейін жұмыс берушілерге түсетін салмақ әлдеқайда азаяды деген жорамалымыз бар.

Отырыс барысында, медициналық көмекке жүгінбеген азаматтар демалыс орындарына барса, ақшасының 20 пайызын өтеу қарастырылып жатыр. Елена Бахмутова, қызметкерлер мен жұмыс берушілер 2019-шы жылы шамамен міндетті медициналық сақтандыруға қанша ақша бөлетінін де, айтып өтті. Қызметкерлер айлығының - 1%. Жұмыс берушілер - 1,5%. Жеке кәсіпкерлер екі айлық ең аз жалақыларының - 5% , өз ісі бар немесе белсенді емес топтар ең аз деген жалақысының - 5 % төлейді. Жеңілдік категориясындағы қазақстандықтардың сақтандыруды үкімет өз мойнына алмақ. Сонымен, жалпы алғанда, жұмыс беруші жылына бір қызметкерге 30 550 теңге төлесе, қызметкердің өзі 20 470 теңге көлемінде, жеке кәсіпкер 35 560 теңге және жұмыссыз топ 17 818 теңге төлейтін болады.

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ

http://www.astanatv.kz/news/show/id/54426.html

28-01-2017, 12:12

Еліміз бойынша тұмау асқынып барады

Дәрігерлер тұрғындарға аса сақ болуды ескертеді. Өйткені, еліміз бойынша тұмау асқынып барады. Солтүстікте әсіресе, "Гонгонг" деп аталып кеткен қауіпті вирус белең ала бастаған. Бір ғана өңірдің өзінде жұқпалы дертке жыл басынан бері жүзден астам адам шалдыққан. Мамандардың дабыл қағатындайы бар. Себебі, дер кезінде дәрігерге қаралмаса, науқас өліп кетуі де мүмкін екен. Ұзаққа созылатын бұл дерттің алғашқы белгісі қандай? Дәрігерлер нендей кеңес береді?

 

Ел арасында гонконг тұмауы атанып кеткен H3N2 тұмауының өршіп тұрғанын естіген Маралбек Шұғайыпов өзін жайсыз сезіне бастағаннан-ақ ауруханаға барған. Суық тидіргеніме бір күн болса да, бірден басым ауырып, дене қызуым көтерілді дейді.

 

Петропавлда күніне жүздеген адам тұмаудың белгілерімен дәрігерге көрінеді. Үш айда өткір респираторлық індетті жұқтырған 16 мыңға жуық адам тіркеліпті. Тек соңғы аптада 52 адам тұмау жұқтырған. Ең қорқыныштысы, Гонконг тұмауы аталып кеткен H3N2 тұмауының вирусы қауіпті болып тұрғаны мамандарды алаңдатып отыр.

 

ЮРИЙ ПУЗИКОВ, СҚО тұтынушылар құқығынқорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Желтоқсан айының соңынан бері тұмаумен ауырғандардың саны 105 адам. Олардың 99-ы -H3N2 тұмауын жұқтырған. 39-40 градусқа дейін қызуы көтеріледі. Басы ауыра береді. Асқынып кетсе, пневманияға әкеп соғуы мүмкін.

 

Гонконг тұмауының белгілері:

Бас ауырады

Денеқызу көтеріледі

Адам дірілдеп, қалтырайбастайды

Арқа мен бел ауырады

Қолмен аяқ сүйектері сырқырайды

Мұрынмен тамақ бітеледі

Көз жасаурайды

 

Дәрігерлер Гонконг тұмауының атауы алғаш таралу жеріне байланысты дейді. Әдеттегі тұмау мен Гонконг тұмауының таралуында аса айырмашылық жоқ. Ауа арқылы да, қарым-қатынас арқылы да жұқтыру қиын емес. Ал Гонконг тұмауының дендеуі күн райының жиі ауысуы мен иммунитеттің әлсіреуінен екен.

 

ГАЛИНА ЛУКАШЕВИЧ, № 2 қалалық аурухананың жұқпалы аурулар дәрігері:

-Тұмау ауа арқылы ғана тарамайды. Қол арқылы да жұқтыруға болады. Яғни, вирусты барлық ашық дене мүшелері арқылы жұқтырып алуға болады. Сондықтан қолды сабынмен жиі жуып, 2-3 күнде бір жуынып тұрған абзал. Оксалин майын жағып, жеміс-жидектерді жиі пайдаланып, үйдің ауасын тазартып тұру қажет.

 

Ал тұмауды жұқтырғандардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артқан. Ал Гонконг тұмауы биыл өңірде алғаш тіркеліп отыр екен. Ал, бұған дейін облыста бір адамның суық тиіп қайтыс болғаны айтылған еді.

 

РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, Тілші:

- Облыс орталығында 12 жасар қыз суық тиіп қайтыс болған. 2004 жылы туылған мектеп оқушысының өліміне респираторлық індеттің асқынуы себеп дейді дәрігерлер. Салдары пневмонияға әкеліп соғып, 12 жастағы қыз облыстық балалар аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Баланың Гонконг тұмауынан қаза болғанын дәрігерлер растамады.

http://www.31.kz/video/show/id/16587/show/ib


25-01-2017, 12:51