Билік айнасы. Міндетті медициналық төлемдер

Міндетті медициналық төлемді аудару қалай жүргізіледі? Олардың есеп беру реті қандай? Сұраққа сала маманы жауап қайтарды.


Источник:http://24.kz/kz/telepoject/bilik-ajnasy/item/161585-bilik-ajnasy


3-02-2017, 13:36

Елбасы дәрі-дәрмек бағасын реттеуді тапсырды

Елбасы дәрі-дәрмек бағасын реттеуді тапсырдыфото: Егемен Қазақстан

Елбасы өз жолдауында білім берумен қатар денсаулық сақтау саласын дамытуға да ерекше тоқталып өтті. Биыл бірінші шілдеде ел азаматтарының ортақ жауапкершілігіне негізделген медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. Оған қатысушыларға кең ауқымды көмек көрсетіліп, әлеуметтік әлсіз топ өкіліне де мемлекеттік қолдау қарастырылған. Сондықтан Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар денсаулық сақтау саласын жан-жақты ақпараттандыруы керек. Жалпы жаңа жүйе арқылы жекеменшіктегі медициналық мекемелерге тең жағдай туғызылады. Сондай-ақ Президент дәрі-дәрмектердің бағасын реттеуді тапсырып, әлеуметтік қамтамасыз ету саласын дамыту маңызды міндет болып қала беретінін ескертті. Биыл жазда елдегі 2,1 миллион адамға төленетін зейнетақы 20%-ға көбеймек. Оған қоса жыл сайын туылатын 400 мыңға жуық сәбиге берілетін бір реттік жәрдемақы да 20%-ға өседі деген жоспар бар. Бұл ретте ең төменгі күнкөріс шегін қайта қарастыру міндет. «Оның мөлшері нақты тұтынушылық шығыстарға сәйкес келуі керек», - деді Елбасы.

Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/zholdau/item/161182-elbasy-d-ri-d-rmek-ba-asyn-retteudi-tapsyrdy


31-01-2017, 15:17

Міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын жасақтау үшін 8,5 млрд теңге қажет

Міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын жасақтау үшін 8,5 млрд теңге қажетМіндетті медициналық сақтандыру қорының жұмысын жасақтау үшін 8,5 млрд теңге қажет. Бұл туралы Сенат қабырғасында өткен отырыста Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрайымы Елена Бахмутова мәлімдеді. Оның сөзінше, қор қыруар қаржыны активтерден алынатын комиссиялық төлемдер арқасында өндірмек. Акционерлік қоғамның шоты тек ұлттық банкте болады. Қаржы тек медициналық қызметтерге жұмсалады, - дейді Бахмутова. Акционерлік қоғамның басты міндеті - міндетті медициналық сақтандыру аясында қаржы жинау болмақ. Қордың қаржыны бақылап, қажет болған жағдайда медициналық орталыққа барып, тексеріс жүргізуге құқы болады.

Елена Бахмутова, коммерциялық емес «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ төрайымы: Осы орайда жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне о баста жоспарлағандай жалақының 2 пайызын емес, 1 пайызын ғана төлейтін болады. Ал 2022-ші жылға дейін ол 5 пайыз емес, 3 пайызды құрайды деп жоспарлап отырмыз. Осының арқасында осы жылдан бастап 2022-ші жылға дейін жұмыс берушілерге түсетін салмақ әлдеқайда азаяды деген жорамалымыз бар.

Отырыс барысында, медициналық көмекке жүгінбеген азаматтар демалыс орындарына барса, ақшасының 20 пайызын өтеу қарастырылып жатыр. Елена Бахмутова, қызметкерлер мен жұмыс берушілер 2019-шы жылы шамамен міндетті медициналық сақтандыруға қанша ақша бөлетінін де, айтып өтті. Қызметкерлер айлығының - 1%. Жұмыс берушілер - 1,5%. Жеке кәсіпкерлер екі айлық ең аз жалақыларының - 5% , өз ісі бар немесе белсенді емес топтар ең аз деген жалақысының - 5 % төлейді. Жеңілдік категориясындағы қазақстандықтардың сақтандыруды үкімет өз мойнына алмақ. Сонымен, жалпы алғанда, жұмыс беруші жылына бір қызметкерге 30 550 теңге төлесе, қызметкердің өзі 20 470 теңге көлемінде, жеке кәсіпкер 35 560 теңге және жұмыссыз топ 17 818 теңге төлейтін болады.

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ

http://www.astanatv.kz/news/show/id/54426.html

28-01-2017, 12:12

Еліміз бойынша тұмау асқынып барады

Дәрігерлер тұрғындарға аса сақ болуды ескертеді. Өйткені, еліміз бойынша тұмау асқынып барады. Солтүстікте әсіресе, "Гонгонг" деп аталып кеткен қауіпті вирус белең ала бастаған. Бір ғана өңірдің өзінде жұқпалы дертке жыл басынан бері жүзден астам адам шалдыққан. Мамандардың дабыл қағатындайы бар. Себебі, дер кезінде дәрігерге қаралмаса, науқас өліп кетуі де мүмкін екен. Ұзаққа созылатын бұл дерттің алғашқы белгісі қандай? Дәрігерлер нендей кеңес береді?

 

Ел арасында гонконг тұмауы атанып кеткен H3N2 тұмауының өршіп тұрғанын естіген Маралбек Шұғайыпов өзін жайсыз сезіне бастағаннан-ақ ауруханаға барған. Суық тидіргеніме бір күн болса да, бірден басым ауырып, дене қызуым көтерілді дейді.

 

Петропавлда күніне жүздеген адам тұмаудың белгілерімен дәрігерге көрінеді. Үш айда өткір респираторлық індетті жұқтырған 16 мыңға жуық адам тіркеліпті. Тек соңғы аптада 52 адам тұмау жұқтырған. Ең қорқыныштысы, Гонконг тұмауы аталып кеткен H3N2 тұмауының вирусы қауіпті болып тұрғаны мамандарды алаңдатып отыр.

 

ЮРИЙ ПУЗИКОВ, СҚО тұтынушылар құқығынқорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Желтоқсан айының соңынан бері тұмаумен ауырғандардың саны 105 адам. Олардың 99-ы -H3N2 тұмауын жұқтырған. 39-40 градусқа дейін қызуы көтеріледі. Басы ауыра береді. Асқынып кетсе, пневманияға әкеп соғуы мүмкін.

 

Гонконг тұмауының белгілері:

Бас ауырады

Денеқызу көтеріледі

Адам дірілдеп, қалтырайбастайды

Арқа мен бел ауырады

Қолмен аяқ сүйектері сырқырайды

Мұрынмен тамақ бітеледі

Көз жасаурайды

 

Дәрігерлер Гонконг тұмауының атауы алғаш таралу жеріне байланысты дейді. Әдеттегі тұмау мен Гонконг тұмауының таралуында аса айырмашылық жоқ. Ауа арқылы да, қарым-қатынас арқылы да жұқтыру қиын емес. Ал Гонконг тұмауының дендеуі күн райының жиі ауысуы мен иммунитеттің әлсіреуінен екен.

 

ГАЛИНА ЛУКАШЕВИЧ, № 2 қалалық аурухананың жұқпалы аурулар дәрігері:

-Тұмау ауа арқылы ғана тарамайды. Қол арқылы да жұқтыруға болады. Яғни, вирусты барлық ашық дене мүшелері арқылы жұқтырып алуға болады. Сондықтан қолды сабынмен жиі жуып, 2-3 күнде бір жуынып тұрған абзал. Оксалин майын жағып, жеміс-жидектерді жиі пайдаланып, үйдің ауасын тазартып тұру қажет.

 

Ал тұмауды жұқтырғандардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артқан. Ал Гонконг тұмауы биыл өңірде алғаш тіркеліп отыр екен. Ал, бұған дейін облыста бір адамның суық тиіп қайтыс болғаны айтылған еді.

 

РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, Тілші:

- Облыс орталығында 12 жасар қыз суық тиіп қайтыс болған. 2004 жылы туылған мектеп оқушысының өліміне респираторлық індеттің асқынуы себеп дейді дәрігерлер. Салдары пневмонияға әкеліп соғып, 12 жастағы қыз облыстық балалар аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Баланың Гонконг тұмауынан қаза болғанын дәрігерлер растамады.

http://www.31.kz/video/show/id/16587/show/ib


25-01-2017, 12:51

ЭКҰ-ға квотаны қалай алуға болады?

Қазақстан бұрынғы Кеңес одағы елдері ішінде осы бағытқа квота бөлетін екінші мемлекет. Елімізде 6 жыл ішінде экстракорпоральды ұрықтандыру әдісін қолдану арқылы 10 мыңдай бала дүниеге келген. Ал біздің бүгінгі бағдарлама кейіпкері 6 жылдан соң үшемді дүниеге әкелді.

 

Жалпы осындай әдіспен бала сүюдің тиімділігі қанша жаста жоғары?

Мамандар не дейді?

Экстракорпоральды ұрықтандыру мәселесібойынша мемлекет тарапынан квотаны қалай алуға болады?

Ол кімдерге берілуі тиіс?

Дереккөз:http://24.kz/kz/telepoject/meditsina/item/157134-ek-a-kvotany-alaj-alu-a-bolady


8-01-2017, 13:44

Міндетті медициналық сақтандырудың маңызы

Міндетті медициналық сақтандырудың маңызыМемлекеттің басты байлығы - адам. Сондықтан халық денсаулығын жақсарту маңызды міндет саналады. Бұл ретте Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы міндетті медициналық сақтандырудың маңызы зор.

 

«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының 2017 жылдың 5 қаңтарындағы хабары.

Дереккөз: http://kyzylordatv.kz/kz/news/medicine/mindetti-medicinalyk-saktandyrudyn-manyzy


5-01-2017, 18:06

ОТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КОРЕЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

«Болашақ» бағдарламасы 18 отандық дәрігерге Оңтүстік Кореяда біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік берді. Олар 2 ай бойы Сеулдегі ең озық емханаларда тағылымдамадан өтті.

 

ЕЛДОС СМАЙЫЛОВ, ХИРУРГ-ОНКОЛОГ:

Семейге барысымен осы жинаған тәжірибемді іс жүзінде қолданып көремін. Әсіресе, лапороскопиялық операцияларды жасау барысындағы тың технологиялары таңқалдырды. Бұдан былай, мұндай әдістерді өз елімізде де жүзеге асыратын боламыз. Екі елдің хирург-онкологтары арасындағы басты айырмашылық – жасайтын операцияның көлемі мен күрделілігінде. Яғни, кореялық дәрігерлер бір ғана ағзаға операция жасап, сол бағыттағы ізденісін тереңдете береді. Ал отандық мамандарды әмбебап деуге болады. Бұл хирургтардың жетіспеушілігіне де байланысты. Осы тығырықтан шығудың жолы ретінде дәрігерлер шетелде тәжірибе жинап, тағылымдамадан өтті.

 

КИМ ГОН СУ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ /КОРЕЯ/:

Қазақстан дәрігерлерімен жұмыс жасап келе жатқанымызға 4 жыл болды. Осы аралықта 150 маман біліктілігін жетілдірді. Оның ішінде хирург, терапевт пен урологтар бар. Бұған қоса, бізде Үндістан, Филиппин, Ресей және басқа да елдердің дәрігерлері тәжірибе жинауға келеді. Қазақстандық әріптестеріміз жоғары жауапкершілігімен және қабілеттілігімен ерекшеленеді.

Елдос Смайылов «Болашақ» бағдарламасымен шетелде тәлім алу үшін Астанада арнайы тест тапсырды. Бұған қоса, қазақ тілінен сынақ пен психологиялық іріктеуден өтті. Осылайша, ол 80 хирургтің арасынан таңдалған төртеудің бірі болды. Жалпы биыл 700 адам «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Оның 24-і – дәрігер.

 

Қосымша ақпарат алу үшін:http://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_179444_otandyk-darigerler-koreyada-tahylymdamadan-otti


4-01-2017, 15:02

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында ақ халаттылар марапатталды

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойын аймағымыздың ақ халатты абзал жандары да айрықша атап өтті. Мерекелік шарада «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен 18 адам марапатталса, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан 5 дәрігер «Еңбек ардагері» медалін кеудесінен тақты. Сондай-ақ тағы бірнеше маман облыс әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды. Еліміз Егемендік алған ширек ғасыр ішінде қандай белестерге көтерілсе, бұл биікке жетуде дәрігерлердің сіңірген еңбегі орасан. 25 жыл ішінде мемлекетіміздің денсаулық саласа елмен бірге жасасып, дами түсті. Оның ішінде Сыр өңірінің медицинасы да қарыштап дамып, көптеген оталарды өз жерімізде жасай алатын дәрежеге жетті. Аймақ тұрғындарының өмір сүру жасының ұзақтығы да артып, орта жас 72 жасты құрады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын осындай жетістіктерімен қарсы алған дәрігерлерді құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыс әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хатын бірнеше дәрігерге табыс етті. Тәуелсіздік тұсында облыстың денсаулық сақтау саласында да көптеген өзгерістер мен жаңару болды. 1998 жылы облыстағы ең айтулы кезең Ел Басы өз қолымен – облыстық медицина орталығын ашты. 2005 жылы саланы қаржыландыру 6 жарым млрд теңге болса, 2015 жылы 32 млрд теңгеге дейін, яғни 87 пайызға өскен. Осы жылдар аралығында 119 нысан жаңадан пайдалануға беріліп, 311 нысан күрделі жөндеуден өткізілсе, емдеу мекемелері санитарлық автокөліктермен толық жарақтандырылған. Осы істердің басы-қасында жүрген денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова әріптестерін құттықтап, тағы да бірнеше маманды марапат мінберіне көтерді. Облысымызда 2009 жылы кардиохирургиялық орталық, 2013 жылы Нейроинсульттық орталық ашылды. 2009 жылы санитарлық авиация жұмысы жанданды. Үлкен орталықтардан ана мен бала, облыстық балалар ауруханасы іске қосылды. Сондай-ақ , аудандардағы емханалар түгелдей жаңартылды, жыл аяғына дейін Жаңақорған аудандық емханасы мен 11 дәрігерлік амбулатория өз жұмысын бастайтын болады. Бұлардың барлығы тек Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен толағай табыстар.

 

http://kogamtv.kz/t%D3%99uelsizdikti%D2%A3-25-zhyldy%D2%93ynda-a%D2%9B-xalattylar-marapattaldy/


 

22-12-2016, 13:07

Қазақстан мен Израиль дәрігерлері тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Израиль дәрігерлері тәжірибе алмастыҚазақстан мен Израиль мемлекеттерінің ынтымақтастығы аясында медицина қызметкерлері тәжірибе алмасты. Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығында екі елдің дәрігерлері бірлесіп 2 науқасқа операция жасады. Қазақстандық ақхалаттылар медицинасы әлдеқайда дамыған Израиль елінің мамандарынан тәжірибе жинап, күрделі емді бұдан былай өздері де жасайтын болады. Эйтан Вайнштайн, Тель-Авив стоматологиялық клиникасының бас дәрігері: - Қазақстандық әріптестермен байланысымыз бүгіннен басталып тұрған жоқ. Осыған дейін бес бірдей қазақстандық дәрігер менің клиникамда тәжірибеден өтті. Енді бұл жолы өзім келіп мұндағы жағдаймен таныстым. Біз өзіміздің бүкіл тәжірибемізді беріп кетуге тырысамыз.


Источник:http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/153700-aza-stan-me

www.24.kz


15-12-2016, 20:42