Денсаулық сақтау саласында нендей өзгеріс бар?

Аймақ фармацевтерін қайта даярлап, білімін жетілдіру үшін 2018 жылға дейінгі жол картасы әзірленді. Өтіп бара жатқан жылдың еншісіндегі тағы бір жағымды жаңалық – облысқа қажетті медицина мамандарын резидентураға дайындау мақсатында облыс әкімінің гранты бөлінді.

 

 

«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының хабары. 12 желтоқсан 2016 жыл

Сілтеме: http://kyzylordatv.kz/kz/news/society/densaulyk-saktau-salasynda-nendei-ozgeris-bar


12-12-2016, 19:22

Емханаларға электронды кезек енгізілді

Орал қаласының емханаларына қарашадан бастап «Электронды кезек» жүйесі енгізілді. Осылайша емдеу мекемелеріндегі ұзын-сонар кезек азайтылмақ. Шаһардағы 6 емхананы ақпараттық табло, терминал, тиісті бағдарламалармен қамтуға, қызметкерлерді оқытуға бюджеттен 143 млн теңге бөлінген. Енді қабылдауға алдын ала жазылғандар, сырқаттанып шұғыл келгендер немесе қайта қаралушылар қай уақытта дәрігерге бару керек екенін осы жүйе арқылы анықтайды.


www.khabar.kz


30-11-2016, 14:44

Азаматтар денсаулығына дер кезінде мән бермейді

Азаматтар денсаулығына дер кезінде мән бермейді. Ауру асқынып, ем іздегенде ғана дәрігерге көріну қазір көпшіліктің әдетіне айналған. Осы қасаң түсінікті түзетіп, денсаулықтың қадірін арттыру мақсатында Алматыдағы "Сана" медицина орталығында ашық есік күні өтті. Ал келушілерді Қазақ үздіксіз білім беру институтының профессорлары қабылдады.

 

Бір күн бойы "Сана" медициналық орталығы келушілер үшін тегін қызмет көрсетуге көшкен. Арнайы ашық есік күнін белгілегендіктен дәрігер кеңесіне жүгініп, тексерістен өтуге ниеттілер көп. Жүздеген адам алдын-ала жазылып та қойыпты. Бұл акцияны орталық тәуелсіздік мерекесіне орай өткізіп жатыр екен.

 

АИДА АЛЕКСЕЙҚЫЗЫ, "Сана" медициналық орталығының бас директоры:

- Тегін өткізіліп жатыр. Біз алдағы уақытта осы профессорлардың жұмыс уақытын қойып, емделушілер өздері тұрақты түрде келіп, көріне алатындай жағдай жасасақ деп отырмыз.

 

Дәрігер профессорлар қазір бұрынғыға қарағанда, ауруды емдеудің жолдары көбейгенін айтады. Бірақ бұл тұрғыда сала дамығанымен, статистиканы денсаулыққа бей-жай қарайтындар бұзады. Яғни, темекі шегу, алкагольге құмарлық, стресске түсу фактілері кез келген аурудың пайда болып, қозуына әкеледі. Сондықтан қарапайым медициналық сауаттылық деңгейін көтеру керек дейді кардиохирург маман.

 

ҚУАТ АБЗАЛИЕВ, Медицина ғылымдарының докторы, профессор:

- Бізде кардиорталықтар қатары көбейіп, емдеу мен аурудың алдын алудың түрлі әдістері дамуда. Алайда аурулардың саны әлі сол деңгейде тұр. Халық болса, жаппай спортпен шұғылданбайды.

 

МАНАС ҚАЙЫРТАЙ, Тілші:

- Педиатрлардың айтуынша балалар арасында туғаннан пайда болатын ауру түрлері көбейген, ал ересек адамдар аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ дәрігерге көріне салмайды екен. Ал сақтанудың ең алғашқы жолы - жылына кем дегенде бір рет толық медициналық тексерістен өту керек.

 

 

Манас Қайыртай, Сергей Шуйский

 


29-11-2016, 20:47

4-5 жастағы бүлдіршіндер арасында қант диабетіне шалдыққандар көбейген

Khabar News

 

Оларды дәрі-дәрмекпен қамтуда, ем көрсетуде көлденең кедергілер жоқ десе болады. Тек аурудың жасарғаны көңілді күпті етеді. Мәселеге Ердәулет Байдуллаев үңіліп көрді.

Ердәулет Байдуллаев, тілші

-Міне, маман көрсеткендей, қандағы қант құрамын сырт көзбен қарап, анықтау мүмкін емес. Ол үшін сынама ретінде қан тапсырып, арнайы құрылғыға тоссаңыз болғаны 5 секундта нақты нәтижелерін көрсетіп береді.

Иә, нәтиже көп күтірмейтіні жақсы. Бірақ бізге керегі ол емес. Оның алдын алуға ден қойып, қант диабетіне шалдығушылар қатарын азайту. Әзірге бұл мүмкін болмай тұр.

Гүлмира Әбдуақасова, Астана қаласының штаттан тыс бас эндокринологы

-Осыдан 20 жыл бұрын балалардың қант диабетіне шалдығу фактісі бірнешеу ғана болатын. Қазір қалай? Былтыр 120 бала болған. Осы жылы 150-ден асты. Ең қорқыныштысы, олардың кейбірі – 5 жаста. Ағзасы қантты өздігінен қорыта алмағандықтан қанда оның мөлшері көбейіп кетеді.

Сырқаттың шипасы да жоқ емес. Бірақ сауығу үшін барлық талапты орындау қажет. Бірінші кезекте, майлы тамақ пен газдалған сусындардан бас тарту, ал рұқсат етілгеннің өзінде мөлшерден артық тұтынбау керек. Бұл маман кеңесі.

Жанай Ақанов, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің диабет орталығының директоры

-Қант диабеті негізі медициналық мәселе. Онымен ауыратындар көбейіп, ол кейін әлеуметтік тіпті экономикалық мәселеге айналды. Өйткені әр науқас қаншама дәрі-дәрмек тұтынады. Осыдан он жыл бұрын ғана елімізде мұндай сырқаттар 116 мың болатын. Осы жылы олардың қатары екі жарым есеге көбейді.

Нақтырақ айтсақ, қазір 290 мыңға жуық отандасымыз осы қант диабетіне шалдыққан. Бұл Орталық Азия бойынша өте үлкен көрсеткіш.

Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Айтжан Отызбаев

14-11-2016, 16:04

Басынан дау арылмайтын фармацевтика саласы қатаң қадағалауға алынбақ

Информбюро 31


Біресе сапасына, біресе бағасына қатысты дау арылмайтын фармацевтика қатаң қадағалауға алынбақ. Бұдан былай, дәрі-дәрмектің қауіпсіздігі үшін тасымалдаушыдан бастап, сақтаушы да, сатушы да жауапты болады. Жуық арада қолға алынатын өзге де жаңалықтарды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың өзі айтып берді.

28-09-2016, 15:57

Көкшетаулық медбикелер қысқа мерзім ішінде білімдерін жетілдіре алады

Көкшетаудағы медбикелер даярлайтын колледждің атауы өзгертілді. Енді білім ордасы Жоғары медицина колледжі деп аталады. Соған сәйкес ерекшелігі де бар. Бұл оқу орнын бітірген медбикелер нұсқаусыз-ақ дәрігерлермен қатар науқастарға емшара жасай алады. Мұндай мәртебеге елдегі 6 колледж ие.

Айта кеткен жөн, медицина мекемелерінде жұмыс істеп жүрген медбикелер де қысқа мерзімде, яғни, бір жарым жылдың ішінде білімін жетілдіре алады. Олар үшін арнайы грант та бөлінген. Тіпті медбикелер үшін академиялық бакалавр, одан әрі магистратура мен докторантураны да оқуға мүмкіндік жасалуы мүмкін. Ал мектеп бітірісімен түскен талапкерлер мамандық бойынша 3 жарым жыл білім алады. Мұндай тәжірибе Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастық негізінде жүзеге асып отыр.

Ақмарал Ысқақова, қалалық аурухананың бас медбикесі:

- Финляндияға мен өзім барып келген кезде, Финляндияның медбике ісі өте жоғары деңгейде дамыған. Сонда біз армандағанбыз, шіркін осындай оқу саласы бізде де ашылса екен деп. Өтініш білдіргенбіз, жоғарғы білім алсақ деп. Өйткені, біз білімімізді арттырып, үйренбегенімізді үйреніп, осы барлық оқыған нәтижемізді науқастарға арнасақ дейміз.

Светлана Мұратбекова, Көкшетау жоғарғы медицина колледжінің директоры:

- Бұрынғы балалар медбикелік іс бойынша диплом алғандар, олар 70 пайыз теория болды, 30 пайызы ғана практика болды. Ал мына абитуриенттер, прикладной бакалавр болатындар, оларда 50 пайыз теория, 50 пайыз практика болады. Яғни, практикалық медсестра болады. Олар приемды өздері бірінші істейді. Анализге жолдамаларды өздері береді.

24.kz.

Көкшетаулық медбикелер қысқа мерзім ішінде білімдерін жетілдіре алады


 

2-09-2016, 15:40

Түйенің шұбатын үздіксіз ішуді дағдыға айналдыру- онкологиялық аурулардың алдын-алудың ең тиімді жолы

Түйенің шұбатын үздіксіз ішуді дағдыға айналдыру- онкологиялық аурулардың алдын-алудың ең тиімді жолы. Осындай тұжырым жасаған отандық дәрігерлер, қазақстандықтарға қатерлі ісікпен күресудің тағы да қарапайым бірнеше ережесін ұсынады. Тіпті, біз біле бермейтін күлкі мен айқайлап ән айтудың өзі рак ауруының даму тәуекелділігін төмендете алатын қасиетке ие екен. Сондай-ақ, мамандар35 пен 60 жас аралығындағы азаматтарғажыл сайын "Скринингтік" тексерістен өтіп тұруға кеңес береді.

 

"Скрининг сізді сақтайды" деп өздері айдар таққан жаңа тәсілмен жұмыс істеп жатқан аймақтың бірі Алматы облысындағы Жамбыл ауданының дәрігерлері. Кеселдің алдын-алудағы әдістері қарапайым. Аудандағы 35 пен 60 жас аралығындағы әр тұрғынның үйіне "Скринингтен өтуге келіңіз" деген хабарландыру таратумен айналысатын арнайы жұмыс тобын құрған. Нәтижесінде, көптеген науқастың алғашында жаңға батпайтын дертіне дауа дарыды дейді.

 

ДОҒДЫРГҮЛ ӨМІРҚҰЛҚЫЗЫ, Жамбыл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:

- Белгілі бір жастағы адамдарды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Барлығын шақыртып жасатамыз. Халықтың өздері де келіп менің денсаулығымды тексеріп берсең деп сұранып келсе тіптен жақсы болар еді.

 

Медицинасы озық Кореялық ғалымдармен тәжірибе алмасып келген Доғдыргүл Өмірқұлқызы қазақстандықтарға қатерлі ісікке қарсы қосалқы ем ретінде пайдалануға болатынын қарапайым тағы бірнеше ережелердің бар екенін айтады. Мысалы «күлу» немесе "айқайлап ән айту" қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруын болдырмайды екен. Көңіл көтерудің бұл әдісін жапондық ғалымдар қырық пен алпыс жас арасындағы алпыс мың адамға тәжірибе жүргізу нәтижесінде дәлелдеген екен.

 

ДОҒДЫРГҮЛ ӨМІРҚҰЛҚЫЗЫ, Жамбыл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері:

- Кореяда кәдімгі біз көрдік, адамдарды кіргізіп алып күлдіріп жатқандарын. Адамда гормон Счастье деген бар. Егер ол көп болатын болса адамда қатерлі ісік болмайды деген тұжырым бар.

 

Айғайлауда сол тәсілдің бір түрі. Дауысты қатты айғайлап іштегі бүкіл жаман энергия сыртқа шығады.

 

Сондықтан, ән айтудың пайдасын жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар. Өйткені, шылым шегу, қозғалыстың аздығы, дұрыс тамақтанбаудан бөлек, күйзеліс те қатерлі ісік ауруларына алып келетін басты факторладың бірі.

 

Мақсат Толықбай.

http://31.kz/video/show/id/14106


4-08-2016, 21:27

Мамандар тамыз айына дейін қауын-қарбызды жемеу керектігін қатаң ескертеді

Мамандар тамыз айына дейін қауын-қарбызды жемеу керек деп қанша рет ескертсе де, тұрғындар мұндай кеңесіне құлақ асар емес. Сатылымға уақытынан бұрын шығарылған бақша өнімдерінің қазір саудасы қызып тұр. Есесіне, улану деректері де көбейген. Жалпы, сатып аларда қарбызды қалай дұрыс таңдау керек? Піскен-піспегенін қайтіп ажыратамыз. Мұны да біле жүрген жөн.

 

 


22-07-2016, 15:45

Міндетті медициналық сақтандырудың пайдасы қандай? (ВИДЕО)

Міндетті медициналық сақтандырудың пайдасы қандай? (ВИДЕО)Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың пайдасы қандай? Бұл жүйе қалай жұмыс істейді? МӘМС-нің жалақыға әсері қандай? Медициналық қызметтің сапасы мен бағасына қаншалықты оң ықпалы бар? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын мына қызықты видеороликтен біле аласыз.

https://baq.kz/kk/news/ult_sauligi/mindetti_meditsinalik_saktandirudin_paidasi_kandai_video


7-07-2016, 13:01

Ақ халатты абзал жандар балаларды мерекемен құттықтады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгінде жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлуде. Осы орайда басқарма басшылары медицина орталығында емделіп жатқан бүлдіршіндерді аралап, хал-жағдайын біліп, айтулы мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынды.

Ақ халатты абзал жандар балаларды мерекемен құттықтады

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барлық жерде мерелік шаралар өткізіліп, түрлі атракциондар балалар үшін жұмыс жасайды. Алайда, дәл осы күні кейбір бүлдіршіндердің ауруханада болатыны тағы бар. Осы орайда Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылары ауруханаларда ем алып жатқан балаларды құттықтап, сыйлықтарын ұсынды. Біраздан бері ауырып жатқан балалардың бірі Гүлназ Серік. Өмірге құштар, белсенді қызды қуанту үшін басқарма басшылары арнайы үйіне барып, жылы лебіздерін білдірді. Айтулы мерекені балалар ауруханасындағы емделушілерде ұмыт қалдырған жоқ. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарада әсем әуендер айтылып, мың бұралған бишілер өнер көрсетті. Балаларға ұйымдастырушылар тарапынан тәттілер таратылып, сыйлықтар табысталды. Бүгінде сәбилер үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз тәрбиеленіп жатқан балалардың саны 60 қа жеткен. Басшыларымыз оларды да назардан тыс қалдырмады. «Әрбір баланың қуанышты жүзін көру бәрімізге бақыт сыйлайды»-дейді облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері.

http://kogamtv.kz/aқ-xalatty-abzal-zhandar-balalardy-merekemen-құttyқtady/


2-06-2016, 14:46