Елімізде адам миына пышақсыз ота жасаудың мүмкіндігі артып келеді

Елімізде адам миына пышақсыз ота жасаудың мүмкіндігі артып келеді. Алматыдағы Президенттік медициналық орталықта ашылған нейрохирурхиялық бөлім жыл басынан бері қан тамырлары арқылы 30 науқасқа осындай операция жасапты.

 

Ақтаудан келген 71 жастағы Анатолий Мавров микроинсульт алып, денсаулығы сыр берген соң дәрігерлерлер Алматыға жібереді. Шет елде мұндай операция жасату өте қымбат. Кеше ғана миына нейрохирургиялық ота жасатқан оның бүгін жүрісі ширақ, жағдайы бірқалыпты.

 

АНАТОЛИЙ МАВРОВ, емделуші:

- Мидың жұмыс істеуін қалпына келтірді. Күрделі операцияларды сәтті өткізіп жатқан жас мамандардға алғысым шексіз. Қазіроңалыпкелемін.

 

2008 жылдан бастап Астанадағы орталықта қантамырлары арқылы операция жасаған дәрігер тағы бір науқасқа тиісті көмек көрсетіп жатыр. Сан артериясының ішімен миға ота жасалуда. Операция құны 1 миллионнан 4 миллионға дейін. Бірақ науқастардың 99 пайызы мемлекеттік квота арқылы тегін емделеді дейді нейрохирург.

 

МЫҢЖЫЛҚЫ БЕРДІҚОЖАЕВ, ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Бұл ауруханада республиканың бүкіл түкпірінен келетін науқастарға көмек көрсетіп жатырмыз. Бұл жылы кем дегенде 100-150-ден астам операция жасаймыз деп жоспарлап отырмыз.

 

Сондай-ақ Президент іс басқармасының медициналық орталық халықаралық стандартқа сай JCI сертификатын иеленген. Енді нейрохирургиялық бөлімшенің Қазақстанның әр түкпірінен келген науқастармен қоса, шет ел азаматтарын емдеуге мүмкіндігі бар. Қазір Германия, Израиль сияқты бірнеше елдермен әріптестік орнатқан ауруханадан көрші мемлекет дәрігерлері тәжірибеден өтіп жатыр екен.

 

Манас Қайыртайұлы, Ринат Абулхайыров.

- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/11872#sthash.1aj0FgOB.3Bi33tse.dpuf


26-02-2016, 20:03

«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» бейнеролигі

«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары» бейнеролигіҮйде өртті болдырмауға себебін тигізетін қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын ұсынамыз:

қосылған электр аспаптарын ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;

барлық электр аспаптарының ақаусыз болуына көз жеткізіңіз;

әрбір розеткаға электр аспаптарын бір-бірден ғана қосыңыз;

майшамдарды және қандай да бір отты пайдалану кезінде өте абай болыңыз;

сіріңке мен оттықты балалардың қол жетпейтін жерлерінде сақтаңыз;

төсекте ешқашан темекі шекпеңіз және спирттік ішімдік ішіп, темекі шеккен кезде өте сақ болыңыз.

Жылу беру маусымының алдында пештің түтін шығатын мұржасын, түтіндікті және жылу беру пештері мен жүйелерінің басқа да бөлшектерін қара күйеден тазартыңыз, жылу беру маусымында – кемінде екі айда бір рет тазартыңыз.

Жылыту пештерін пайдалану кезінде:

- жағылған пештерді қараусыз қалдыруға;

- жағуға дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттарды от жағу орнының алдындағы жаймаға қоюға;

- Қатты отынды пешті жағу үшін жеңіл жанатын және жанармай сұйықтықтарын қолдануға тыйым салынады.

Пешті қатты қыздырмаңыз, оған жиһазды және басқа да

жанатын заттарды тақап қоймаңыз.

Өрт болған жағдайда эвакуациялау кезінде жабық есіктің кілттері әрқашан қолда болуы қажет.

Өрт шыққанда «101» телефонына қоңырау соғыңыз.

http://rus.emer.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=30951%3A-l----r&catid=412%3A2015-&Itemid=367&lang=kz


9-02-2016, 12:28

ҚЫТАЙДА БАС АУЫСТЫРУ ОПЕРАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ (ВИДЕО)

ҚЫТАЙДА БАС АУЫСТЫРУ ОПЕРАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ (ВИДЕО)Бүгін Қытайда маймылдың басын ауыстыру операциясы жасалды. Отаны италяндық хирург Серджио Канаверо мен оның қытайлық әріптесі Жэнь Сяотин өткізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы RT-ға сілтеме жасап.

Басы ауыстырылған маймыл ота өткен соң 20 сағат өмір сүрді. Сосын дәрігерлер оны ұйықтатып тастаған.

«Біз қаншама сын-пікірлерге қарамай оларға лайықты жауап бергенімізге қуаныштымыз. Мұндай операцияға сенбейтіндер көп еді», - дейді Канавероның өзі.

Оташы 2017 жылдың желтоқсан айында әлемде тұңғыш рет адамның басын ауыстыру бойынша операция жасамақ. Хирургтің көмегіне ресейлік IT маманы Валерий Спиридонов жүгініп отыр.

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/4728


26-01-2016, 22:52

Ұйқы өмірімізге қалай әсер етеді?

Ұйқы өмірімізге қалай әсер етеді?

Ұйқы өмірімізге қалай әсер етеді?


МИА КАЗИНФОРМ Агентство


 

29-10-2015, 23:09

Таңғы жаңалықтар (2015.09.21 күнгі шығарылым)

Таңғы жаңалықтар (2015.09.21 күнгі шығарылым)


http://www.1tv.kz/kk/news/video21092015/janalyktar_09

22-09-2015, 16:47

Емдеу ісі бойынша теміржолшылар ауруханасы көш басында

Емдеу ісі бойынша теміржолшылар ауруханасы көш басындаҒимараттың барлық бөлімшелері бейне камералармен мен бір жүйеге тіркелген пульттермен жұмыс атқарады. Бұл аурухана облыс орталығындағы ауруханалардан кем де емес хирургиялық,травматологиялық,терапиялық, қалпына келтіру, неврологиялық бөлімшелері мен күндізгі стационар науқастарға қажетті емін жүргізеді. Тәуліктік стационарда бір жылда 2600-2800 науқас ем-домын алып шығады. Сондай-ақ ауруханада 5 төсектік жан сақтау бөлмесі толық құрылғылрымен жабдықталған. Ал параклиникалық бөлімдерінде: Клиника-диогностикалық , биохимиялық, иммун ферментті зертхана мен функциональдық диогностика, компьтерлік томография, ЭКГ, УЗИ, су асты массаж, кедр саунасы,дәрілік ванналардың 10 түрі қызмет атқарады. «Теміржол» деп аты танылған бұл ауруханада қосымша бөлімшелеріде қызмет түрлерін ұсынады: Жалпы терапия бөлімшесі, әйелдер консультатциясы, дені сау бала, ана мен бала және ресурстар бөлмесі, скрининг,стомотология,физотерапия бөлімдерінде ем алушылар саны да жетерлік. Аудандардағы ауруханалардан өзгеше бір ерекшелігі әйелдер арасында кездесетін және жүктілік кезіндегі шалдыққан ауру түрлерінде дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
 
Емдеу ісі бойынша теміржолшылар ауруханасы көш басындаАурухана басшысы білікті кадрларды жасақтауды басты назарда ұстайды. Түрлі аппараттардың жұмыс жасау әдісін оқу курстары үшін де қаржы бөліп келеді. 2011 жылдардан бері «Барокамера» құрылғысымен жұмыс істеп келе жатқан Баспаев Кенесары дәрігер арнайы оттегі тартатының апараттың қызметтік принциптерін Шымкент қаласында оқып, білімін жетілдірген. Бүгінде тыныс жолы бұзылған, күйіктен иіс тиген, жүрек қан тамыры ауруларына,астан уланғанда, ішек, бауыр,қалқанша безі қызметтері бұзылған науқастарды ауруынан айықтырып келеді.
 
Емдеу ісі бойынша теміржолшылар ауруханасы көш басында21 түрлі сұйық препараттарды зертханадан арнайы өздері шығаратын мамандарда бар. Бұл препараттар қолданыста. Аурухана науқастарының емі үшін қолданады. Қәзіргі таңда жие кездесетін науқас түрлері бауырдың жұмысының бұзылуы. Ал бауыр, бүйрек жұмысын реттеудің курстары 26 мың теңгеден жоғары. Бірақ бұл орталықта бұл аппаратпен ем алушы зейнеткер, 18- ге толмаған жасөспірімдер үшін жеңілдіктер қаралып ем алуында қиындықтар туындаған емес. Ал хирургия саласында жеткен жетістіктеріде біршама. Науқастары бірнеше күнде асқынусыз палатға шығарылған.
 
«Аппатар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ- «Қазалы темір жол ауруханасы» Облыс орталығындағы аурухнадан 340 км қашықтықта. Сол себепті түрлі инсульттық, жүрек талмасына шалдыққан науқастарды қалаға жеткізетін кезде, біраз уақыт жоғалтудың саларынан өмірден өткен оқиғаларыда кездескен. Енді бұл мәселе шешімін тапты. Облыс әкімінің қолдауымен нейрохирургиялық орталықтың бөлімшесі ашылып жұмыс жасайтын болады.

http://kogamtv.kz/emdeu-isi-bojynsha-temirzholshylar-auruxanasy-kөsh-basynda/





22-09-2015, 15:41

Ауруханада науқастың баласы дәрігерді соққының астына алған


Ауруханада науқастың баласы дәрігерді соққының астына алғанАнасын емдеймін деп жүріп, ұлынан оңбай таяқ жеген деген дәрігер осы азамат. Міне арнайы бейнебақылау камерасына түскен кадрда емделушінің баласы дәрігерді соққының астына алғаны анық көрінеді. Егер, аурухана ішіндегі адамдар арашалап қалмағанда дәрігердің жағдайы тіптен қиын болар ма еді?
ӘДІЛМҰРАТ ЕЖЕНХАН, жәбірленуші: 
- Мен қабылдау бөлімінен науқасты қарап шығып келе жатқан кезімде,  кездестік. Бір жақ қолымнан көтеріп қатты ұстады. Мен сені өлтірем қазір. Қолымнан сүйреп бара жатыр, жібер деп едім. Ұрып бастады. Бір-екі рет ұрды. Біреулер ажыратты. Ажыратқаннан кейін кетіп бара жатыр едім, қайтадан келіп ұрды.  Көзімнен ұрған кезде көзілдірігімнің әйнегі сынып қалды, қазір көзілдірігім жарамсыз. 

Оқиға Алматы облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімінде болған. 25 тамыз күні Любовь Арапова  есімді азаматшаны  ауыр хәлде жедел жәрдем ауруханаға жеткізеді. Бірақ, тиісті ем шаралары қабылданғаннан кейін науқастың беті бері қарап, балаларын үйге қайтуын сұрайды. Ал, істің насырға шабуына мына жайт себеп.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр болғанда ғана туыстарына қалуына рұқсат беріледі. Ал, Арапованың жағдайы қалыпты. Бірақ, ұлы мән-жайды дұрыс түсінбей, анамыздың жанына қалуға рұқсат бермедің деп,  дәрігерді соққының астына алған. Қос тарап та әділдік іздеп облыстық «Нұр Отан» партиясына барды. Ал,  жұдырық ала жүгірген жігіт жағдайды былай түсіндіреді.

РУСЛАН АРАПОВ, Талдықорған қаласының тұрғыны:
- Мен білмейм қол жұмсағанымды. Өте ашулы болып тұрғам. Мен оларға анамды өткізіп беріп жатқан кезде. Ешкім дұрыс түсіндіріп берген жоқ.мен білемін, мені үйретпеңдер деп бірдеме сұрасаң солай жауап береді.  

Бұл жайт дәрігерлердің  әбден ызасын келтірді. Айқайлап, балағаттап кететіндері аз болғандай, енді міне ұрып соғатындары шықты.  Жағдайды қатаң тәртіпке алмаса, ушыға беретіні даусыз дейді ақ халаттылар.

МЕЙРАМГҮЛ СӘКЕНОВА, Алматы облыстық ауруханасы директорының емдеу жөніндегі орынбасары:
Дәрігерлердің жан айқайы. Бізде күнде қабылдау бөлімінде осындай жағдайлар болып тұрады. Бізді жаман сөздермен балағаттайды. Айтпағанды айтады. Науқастарды алып келді ме, олар ойлайды больницаға алып келгеннен кейін жатқызу керек деп. Біз жатқызбасақ халық жауымыз. Айтадығой пациент всегда прав. Осы қағидамен жүре береміз. Бірақ, шыдамның шегі жетті.

Қоғамды дүрліктірген дәрігерлердің жан айқайы мұнымен аяқталмайтын сыңайлы. Қос тарап жоғары жаққа шағымданамыз деп, бекініп отыр. Істің ақ-қарасын  құзырлы орган анықтамақ.
- See more at: http://31.kz/video/show/id/9162/model/Video/show/vi#sthash.sxOnOZGE.dpuf
 
28-08-2015, 23:41

Бала кезімізде бізге вакцинаны осылай салғанда ғой (видео)

Бала кезімізде бізге вакцинаны осылай салғанда ғой (видео)Балалық шақта кез келген адам дәрі ектіруден қорқады, ал мына видеороликте басқаша. Сонымен, тамашалайық.
Бала кезімізде бізге вакцинаны осылай салғанда ғой (видео)
 
Балалық шақта кез келген адам дәрі ектіруден қорқады, ал мына видеороликте басқаша. Сонымен, тамашалайық.
 
 
 

14-08-2015, 11:13

Қазақстанда екінші рет 1 жасқа дейінгі балаға бауыр алмастырылды

Қазақстанда екінші рет 1 жасқа дейінгі балаға бауыр алмастырылды
 
 
Сәрсенбі, 20 Мамыр 2015 11:33

 

Бұл туралы бүгін Астанада түркі әлемі трансплантологтары қауымдастығының конгресінде айтылды. Оған әлемнің 30 елінен келген трансплантология саласының 300-ден аса маманы қатысты. Түркі әлемінің трансплантологтар қауымдастығының негізін қалаушы Мехмет Хебералтың айтуынша, трансплатологияның жағдайы сол елдегі медицина дамуының басты көрсеткіші. Мысалы, мүшені ауыстыру бойынша сәтті операциялар жасалса, ол сол мемлекеттегі медицинаның деңгейін білдіреді. Қазақстанда соңғы 3 жылда 445 бүйрек, 21 мәрте жүрек, 76 бауыр ауыстыру операциясы жасалған. Осыдан 6 ай бұрын Жамбыл облысының тұрғыны Жігер есімді бүлдіршінге бауыр алмастырылды. Бүгін ол анасымен конгреске келіп, дәрігерлерге өз сәлемін жолдады.

Жалпы елімізде орташа есеппен жыл сайын бауыр трансплантациялау операциясына 300-ге жуық адам мұқтаж болады екен. Яғни донорларға деген қажеттілік жоғары. Бірақ мұндай операцияларға қарсы болушылар қатары да азаяр емес. Осы мәселені шешу тетіктері кездесу барысында қарастырылды.

 

Маржан Омарбекова, операция жасалған баланыңанасы

-Маған бір таныс адам телефонымды тауып алып, хабарласты. Қызы менің баламмен жасты екен. Бірақ донор таппай отыр. Менің донор беретін адамдарға, азаматшаларға айтатыным қорықпаңыздар. Бір баланың жанын алып қаласыңдар. Бір жағынан Алла қолдаса, екінші жағынан, осы ақхалатты абзал жандар алып қалады өмірлеріңізді.

Бұл туралы кешкі 20.00-дегі қорытынды жаңалықтарда тілшіміз Қайрат Жұрынбаев толығырақбаяндайтын болады.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/24100-kazakstanda-ekinshi-ret-1-zhaska-dejingi-balaga-bauyr-almastyryldy


 

Сурет italy4.me сайтынан


20-05-2015, 16:52