Ауруханада науқастың баласы дәрігерді соққының астына алған


Ауруханада науқастың баласы дәрігерді соққының астына алғанАнасын емдеймін деп жүріп, ұлынан оңбай таяқ жеген деген дәрігер осы азамат. Міне арнайы бейнебақылау камерасына түскен кадрда емделушінің баласы дәрігерді соққының астына алғаны анық көрінеді. Егер, аурухана ішіндегі адамдар арашалап қалмағанда дәрігердің жағдайы тіптен қиын болар ма еді?
ӘДІЛМҰРАТ ЕЖЕНХАН, жәбірленуші: 
- Мен қабылдау бөлімінен науқасты қарап шығып келе жатқан кезімде,  кездестік. Бір жақ қолымнан көтеріп қатты ұстады. Мен сені өлтірем қазір. Қолымнан сүйреп бара жатыр, жібер деп едім. Ұрып бастады. Бір-екі рет ұрды. Біреулер ажыратты. Ажыратқаннан кейін кетіп бара жатыр едім, қайтадан келіп ұрды.  Көзімнен ұрған кезде көзілдірігімнің әйнегі сынып қалды, қазір көзілдірігім жарамсыз. 

Оқиға Алматы облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімінде болған. 25 тамыз күні Любовь Арапова  есімді азаматшаны  ауыр хәлде жедел жәрдем ауруханаға жеткізеді. Бірақ, тиісті ем шаралары қабылданғаннан кейін науқастың беті бері қарап, балаларын үйге қайтуын сұрайды. Ал, істің насырға шабуына мына жайт себеп.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр болғанда ғана туыстарына қалуына рұқсат беріледі. Ал, Арапованың жағдайы қалыпты. Бірақ, ұлы мән-жайды дұрыс түсінбей, анамыздың жанына қалуға рұқсат бермедің деп,  дәрігерді соққының астына алған. Қос тарап та әділдік іздеп облыстық «Нұр Отан» партиясына барды. Ал,  жұдырық ала жүгірген жігіт жағдайды былай түсіндіреді.

РУСЛАН АРАПОВ, Талдықорған қаласының тұрғыны:
- Мен білмейм қол жұмсағанымды. Өте ашулы болып тұрғам. Мен оларға анамды өткізіп беріп жатқан кезде. Ешкім дұрыс түсіндіріп берген жоқ.мен білемін, мені үйретпеңдер деп бірдеме сұрасаң солай жауап береді.  

Бұл жайт дәрігерлердің  әбден ызасын келтірді. Айқайлап, балағаттап кететіндері аз болғандай, енді міне ұрып соғатындары шықты.  Жағдайды қатаң тәртіпке алмаса, ушыға беретіні даусыз дейді ақ халаттылар.

МЕЙРАМГҮЛ СӘКЕНОВА, Алматы облыстық ауруханасы директорының емдеу жөніндегі орынбасары:
Дәрігерлердің жан айқайы. Бізде күнде қабылдау бөлімінде осындай жағдайлар болып тұрады. Бізді жаман сөздермен балағаттайды. Айтпағанды айтады. Науқастарды алып келді ме, олар ойлайды больницаға алып келгеннен кейін жатқызу керек деп. Біз жатқызбасақ халық жауымыз. Айтадығой пациент всегда прав. Осы қағидамен жүре береміз. Бірақ, шыдамның шегі жетті.

Қоғамды дүрліктірген дәрігерлердің жан айқайы мұнымен аяқталмайтын сыңайлы. Қос тарап жоғары жаққа шағымданамыз деп, бекініп отыр. Істің ақ-қарасын  құзырлы орган анықтамақ.
- See more at: http://31.kz/video/show/id/9162/model/Video/show/vi#sthash.sxOnOZGE.dpuf
 
28-08-2015, 23:41

Бала кезімізде бізге вакцинаны осылай салғанда ғой (видео)

Бала кезімізде бізге вакцинаны осылай салғанда ғой (видео)Балалық шақта кез келген адам дәрі ектіруден қорқады, ал мына видеороликте басқаша. Сонымен, тамашалайық.
Бала кезімізде бізге вакцинаны осылай салғанда ғой (видео)
 
Балалық шақта кез келген адам дәрі ектіруден қорқады, ал мына видеороликте басқаша. Сонымен, тамашалайық.
 
 
 

14-08-2015, 11:13

Қазақстанда екінші рет 1 жасқа дейінгі балаға бауыр алмастырылды

Қазақстанда екінші рет 1 жасқа дейінгі балаға бауыр алмастырылды
 
 
Сәрсенбі, 20 Мамыр 2015 11:33

 

Бұл туралы бүгін Астанада түркі әлемі трансплантологтары қауымдастығының конгресінде айтылды. Оған әлемнің 30 елінен келген трансплантология саласының 300-ден аса маманы қатысты. Түркі әлемінің трансплантологтар қауымдастығының негізін қалаушы Мехмет Хебералтың айтуынша, трансплатологияның жағдайы сол елдегі медицина дамуының басты көрсеткіші. Мысалы, мүшені ауыстыру бойынша сәтті операциялар жасалса, ол сол мемлекеттегі медицинаның деңгейін білдіреді. Қазақстанда соңғы 3 жылда 445 бүйрек, 21 мәрте жүрек, 76 бауыр ауыстыру операциясы жасалған. Осыдан 6 ай бұрын Жамбыл облысының тұрғыны Жігер есімді бүлдіршінге бауыр алмастырылды. Бүгін ол анасымен конгреске келіп, дәрігерлерге өз сәлемін жолдады.

Жалпы елімізде орташа есеппен жыл сайын бауыр трансплантациялау операциясына 300-ге жуық адам мұқтаж болады екен. Яғни донорларға деген қажеттілік жоғары. Бірақ мұндай операцияларға қарсы болушылар қатары да азаяр емес. Осы мәселені шешу тетіктері кездесу барысында қарастырылды.

 

Маржан Омарбекова, операция жасалған баланыңанасы

-Маған бір таныс адам телефонымды тауып алып, хабарласты. Қызы менің баламмен жасты екен. Бірақ донор таппай отыр. Менің донор беретін адамдарға, азаматшаларға айтатыным қорықпаңыздар. Бір баланың жанын алып қаласыңдар. Бір жағынан Алла қолдаса, екінші жағынан, осы ақхалатты абзал жандар алып қалады өмірлеріңізді.

Бұл туралы кешкі 20.00-дегі қорытынды жаңалықтарда тілшіміз Қайрат Жұрынбаев толығырақбаяндайтын болады.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/24100-kazakstanda-ekinshi-ret-1-zhaska-dejingi-balaga-bauyr-almastyryldy


 

Сурет italy4.me сайтынан


20-05-2015, 16:52

Жылу маусымы басталғалы бері алғашқы ыстан улану дерегі тіркеліп үлгерді

Жылу маусымы басталғалы бері алғашқы ыстан улану дерегі тіркеліп үлгерді Елімізде жылу маусымы басталғалы бері алғашқы ыстан улану дерегі тіркеліп үлгерді. Қостанай облысында моншаға түскен бір отбасының сегіз мүшесі ыстан уланып, облыстық ауруханаға жеткізілген.

Төтенше жағдай  Қостанай облысы Алтынсарин ауылында болған. Моншадан шыққаннан кейін әйелдер мен балалар өздерін нашар сезінген. Олардың бастары айналып, жүректері айныған.  Ауыл тұрғындары ыстан  уланды деген болжаммен облыстық ауруханаға жеткізілді. Газдан зардап шеккен әйел мен бес бала емдеу орталығына жатқызылған. Қазір жағдайлары қалыпты. Сонымен қатар, дәрігерлер  жылу берілген уақыттан бастап балалар ауруханасында кішкентай науқастардың саны артқандығын да айтады. Балалар үлкендердің жауапсыздығынан зардап шегіп отыр: бірі пештің тиектерін ерте жауып тастаса, екіншісі түтіндік пен ауа жаңартқышты тазаламайды. Салдарынан,  балалар уланып ауруханаға түсіп жатады. Дәрігерлер ата-аналарды жауапкершілікке шақырып, осындай жағдай болғанда алғашқы көмек көрсете білу қажеттігін ескертеді.

ӘСИЯ БӘЙМЕНОВА, Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері:
Алдымен оттегі керек, сондықтан бөлмелерге таза ауа кіргізген жөн. Зардап шеккен адамды далаға шығарып, көйлегінің түймесін ағытқан абзал. Денесін ұйқалай арқылы қан айналымын жақсару керек. Маңдайы мен табынына мұз қойып, жедел жәрдем шақырту керек.
 
- See more at: http://31.kz/video/show/id/4628/model/Video/show/vi#sthash.IL1jLe5q.dpuf


29-10-2014, 14:03

Қытайды мойындатқан қазақ

Қытайды мойындатқан қазақ Қытайдағы қазақ ғалымы медицинаға киіз үй үлгісіндегі тігіс түрін енгізді. Өкше сүйегіне ота жасау тәсілін арнайы  Америкаға барып, патенттеп қайтқан қазақ дәрігері енді өкше тарамысының үзілуін - кәдімгі қазақы қыстырма етікпен, еш пышақ тигізбей емдеу әдісін де ойлап тапқан. Қалың қытайдың арасында отырып, медицинасы әлдеқашан дамып кеткен елде ерекше ем түрін ойлап тапқан қазақ дәрігерімен Қытай ауруханасына барып қайтқан тілшіміз Ирина Советжанқызы тілдесіп қайтты.

Арбаға таңылған сегіз жасар Талғат - Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының кішкентай тұрғыны. Екі жастан асқанда екінші қабаттан құлап, бас сүйегін жарақаттап алған. Соның салдарынан аяғы мен қолы қисайып, жүре алмай қалған бүлдіршінді емдеуде отандық дәрігерлер дәрменсіздік танытып, емін Қытайдағы қазақ дәрігері тауыпты.

ҚҰРАЛАЙ ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, Талғаттың анасы:  
Қолының сіңірі тартылған, аяғының да. Тартылғанда, аяқ теріс қарай айналып кеткен. Операция жасаттым, соның арқасынд жүгіріп жүр. Аяғын теріс қарай, артқа  басатын.

Бұл - ТалғаттыңҮрімжі ауруханасында жасалған отадан кейінгі жағдайы. Кеше ғана жүру арман болған бала, бүгін билеп жүр. Қисайып кеткен аяғын Қытайдағы қазақ дәрігері түзеген.

ЖАСАРАТ ЖӘЛЕЛҰЛЫ, Үрімжі ауруханасының Аға дәрігері:
Әдеттегі сынық емес біздікі. Талқандап сынып кеткен. Сүйегі жоқ. Содан кейін біз сүйекті көшіреміз. Жоқ сүйекті көшіріп, мынаған апарамыз.

Талғат - Жасарат дәрігердің тәжірибесінде  жасалған 5000-ға жуық отаның бірінің емі қонған бүлдіршін. Бір түнгі кезекшілігінің өзінде онға жуық ота жасай алатын мүмкіндігі бар Жасарат Жәлелұлы - Қытайдағы білікті қазақ  дәрігерлерінің бірі.  Бүгінде қазақ ғалымын миллиардтар елі ғана мойындап отырған жоқ, Америкаға да аты шығыпты. Дәлелі -  дәрежесі  Ph.D-мен  деңгейленген дәрігер. Медицинасының бес мың жылдық тарихы бар Қытай елінің  денсаулық  саласына тосын жаңалық енгізген дәрігердің емдеу тәсілі ұлттық ерекшелігімен де құнды көрінеді.

ЖАСАРАТ ЖӘЛЕЛҰЛЫ, Үрімжі ауруханасының Аға дәрігері:
Киіз үй формалды тігіс. Тігіп болғаннан кейін, ертең оған  гипс қатырмайсың. Қимыл арқылы емделіп кетеді. Өте тез сақайып кетеді.

Жазылуы тез емдеу тәсілі туралы жаңалығын Америкаға апарып патенттеп қайтқан Қытайдағы қазақ дәрігері бұл емді - киіз үй үлгісіндегі ота жасау әдісі деп ат қойыпты. Ағылшындарға киіз үй үлгісін - шатыршалы сүйекті жалғау әдісі деп түсіндірген. Қазақ ғалымы медицинаға енгізген екінші жаңалығын - кәдімгі қазақтың қыстырма етігімен байланыстырған. Яғни, әсіресе, спортшыларда жиі кездесетін өкше тірсегінің үзілуін жалғау әдісін еш отасыз, қазақы етікті кигізу арқылы емдейді. Және науқас ем алу кезінде басқа отадан кейінгідей төсек тартып жатпайды. Керісінше, үш мезгіл билеу арқылы ем алады екен. Қазақ ғалымының соңғы жаңалығы - әзірге Қытайда ғана патенттелген. Дәрігер ғылыми жобасын Еуропаға енді апармақ.

Ирина Советжанқызы
, Қытайдың Үрімші қаласынан.
- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/4497/model/Video/show/vi#sthash.BmcFItdY.dpuf



22-10-2014, 10:55

Қызылорда облысында 47 жастағы ер адам тірідей өртеніп кете жаздады

Қызылорда облысында 47 жастағы  ер адам тірідей өртеніп кете жаздадыҚызылорда облысында 47 жастағы  ер адам тірідей өртеніп кете жаздады.  

Аяқ-қолдары мен беттерін қатты күйік шалған азамат  қазір Қармақшы аудандық ауруханасында жатыр. Артынан белгілі болғандай,  егістікте жұмыс істеп жүрген  ол, жылынбақ болып  көлігінің ішінде  газ жылытқышын қосып, өзі ұйықтап кеткен. Қайта  түтінен тұншығып оянып,  далаға шығып үлгерген.
Дәрігерлердің айтуынша,  жедел түрде ауруханаға жеткізілген азаматтың  денесінің жарты бөлігі күйіп қалған. Алайда,  науқастың қазіргі  жағдайы  ауыр деп бағалануда. Сондықтан,  облыс орталығына әкелу жағы тоқтатылып отыр. Күйікпен қатар оның тыныс жолдары да қатты зақымданған. Қазір ол өздігінен дем ала алмайтындықтан арнайы апаратқа қосылған.
 
- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/4375/model/Video/show/vi#sthash.C06RD4Hn.dpuf
 
10-10-2014, 00:02

Тай елінің дәрігерлері Эболаға қарсы дәрі ойлап тапты

Тай елінің дәрігерлері Эболаға қарсы дәрі ойлап таптыАстана. 30 қыркүйек. Baq.kz - Таиландық дәрігерлер адамдарды қырып жатқан Эбола вирусына қарсы екпе ойлап тапты.
Бангкоктың Сирирадж емханасының ғалымдары ашқан жаңалықтары туралы әзірге толық айтпай отыр.
Белгілісі, зерттеу жүргізу үшін қатерлі вирусты бұл елге әкелмеген дәрігерлер геморрагиялық қызуды көтеретін басқа ұқсас вирусты пайдаланған. Соңғы мәліметтер бойынша, Эбола індетінен 3091 адам көз жұмды, 6 жарым мыңға жуығы жұқтырған.
 
Хабар


30-09-2014, 21:46

255 дәрігердің 120-сы сынақтан өте алмай қалды

255 дәрігердің 120-сы сынақтан өте алмай қалды Шымкент қаласында аттестация тапсыруға жіберілген 255 дәрігердің 120-сы сынақтан өте алмай қалды. Биылғы жылы аттестация қабылдауда өзгешелік енгізіліп, дәрігер алдына манекен қойылған. Оларға ауызша сұрақтан гөрі, жарақат алған адамға алғашқы көмек көрсету секілді іспен жасалатын әрекеттер тапсырылды. Алайда дәрігерлердің бірқатары жүрек тоқтап қалған уақытта не істеу керектігін білмей састы.

ЕРЛАН ҚУАНДЫҚОВ
тілші:
Аттестация тапсыруға барлығы 420 дәрігерден өтініш түскен болса, оның 255-і сынаққа жіберілген. Олардың бірқатары екінші сатыда «сүрініп», тек 135-і ғана біліктілігін дәлелдей алған. Сонымен қатар 46 дәрігер себепсізден сынақ тапсыруға келмей қалғанға ұқсайды.

Сынақ тапсырғандардың ішінде 20-дан астам дәрігер «кенеттен жүрек тоқтап қалған уақытта адамға не істеу керек?» деген сұрақты алдына қойылған манекенге жасап көрсете алмай мүдірсе, ал бес дәрігер жарақат алған адамға жасалатын көмекті манекенге жасап көрсете алмаған. Құзырлы орындағылар бұл жағдайды сынақ қабылдаудағы әдіс-тәсілдердің өзгертілуімен түсіндірді.

СҮЛЕЙМЕН БЕККУЖИНОВ,аттестация, аккредитация және лицензиялау бөлімінің басшысы:
Бұл жерде жағдай көптеген дәрігерлердің сынақтағы өзгерісті білмей қалуынан, яғни муляжда көрсету әрекетін білмегеннен. Екіншісі, ол адами фактор, алдына тапсырма беріледі, адам қобалжудан жауап бере алмай қалуы әбден мүмкін.

Терапевт, хирург, педиатр және акушер-гинеколог секілді мамандар аттестация тапсырып, сынаққа жіберілгендердің жартысына жуығы ғана талаптан мүдірмей өткен. Бұл жағдайға қала тұрғындары да таңданыстарын білдірді.

БЛИЦ:
Дәрігерлер сынақтан сүрініп жатса, бұл алдымен олардың біліктілігін көрсетсе керек. Әрине, сынақ тапсырғанда адамда қобалжу да болады. Бұл жерде себеп әртүрлі болуы мүмкін.
Аттестация өткізу деген дұрыс нәрсе. Әсіресе, бұл дәрігерлер үшін қажет. Аттестациядан сүрінсе, ол сұрақтарды білмейді деген сөз.

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстық департаменті мамандары аталмыш сынақ - ерікті түрде өтетін аттестация, сондықтан аса дабыра етудің қажеті жоқ, ал сынақтан өте алмағандары қайта тапсыру құқығынан айырылған жоқ дегенді жеткізді. Ал, тұрғындар жағы болса, мәселе аттестацияның міндетті немесе ерікті өтетін түрінде емес, оның түпкілікті нәтижесінде, сондықтан қандай сынақ болмасын - ол маманның біліктілік өлшемі деген пікірде.  
- See more at: http://www.31.kz/video/show/id/4108/model/Video/show/vi#sthash.NLk1f35v.dpuf


24-09-2014, 10:59